«БІЛГІРЛЕР» САЙЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ
Мұғалім:Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Қазақстан дейтін менің бар елім Жатыр алып жарты дүние әлемін Бұл даланы анам жаспен суарған Бұл далаға жылап келіп қуанғам – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші?! Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Тарих ертегі емес, бұрмалап – бопсаласаң шырылдап жылайтын, обал – сауабы өте ауыр ақиқат. Желтоқсан оқиғасы әркімнің жадында, тарихи ғасыр жылнамасында мәңгілік жазылып қалды. Өйткені ол дүниені дүр сілкіндірді. Еркіндікпен теңдікті талап еткен ел ұландарының, жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді.Айсұлу: — Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді алда келе жатқан 16-желтоқсан тәуелсіздік мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!Тәуелсіздік күніне арналған 8-11 сыныптар арасында өткізілетін «Білгірлер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бахтияр: Уа, халайық, көсіле шабар жерің бар, Тау көтерген ерің бар, Қол боларлық елің бар, Атадан қалған сара жолың бар, Тәуелсіздіктің қадірін біліңдер! Бахтияр: — Кешімізді бастамас бұрын, Айсұлу, саған жұмбақ қояйын деп едім. Айсұлу: — Ол қандай жұмбақ? Қане айтшы. Бахтияр: — 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. Ал тауып көр жауабын. Айсұлу: Жақсы, онда тыңда! Бір деген- Тәуелсіздік. Бостандыққа қол жеткіздік! Екі деген – Елім, Далам, Тауым, Көлім! Үш деген – Елтаңба, Оны білмей қалма! Төрт деген — әнұран, Жүректегі жыр,ән! Бес деген – жалау Желбіреген алау. Алты деген – Ана тілі, Міндетті түрде оны біл! Жеті – деген Елбасы, Өрлеп тұр оның тасы.Сегіз деген – Астана, Республикаға бас қала Тоғыз деген – тарих, Толық оны таниық! Он деген – болашақ, Біз жасайтын келер шақ! Бахтияр: — Жарайсың,Айсұлу. Айсұлу:ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – ана тілімізді ардақтау. Бахтияр: — Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы. Айсұлу: — Сондықтан ортамызға бүгінгі «Білгірлер»сайыс үміткерлерін іріктеп алайық. Ортаға 8-10 сынып оқушылар шығып,карточка таңдау керек.Өңдер бойынша топтарға бөлінеді үшінші өң көрермен болады. Топтарды ортаға шақырамыз.Олар білімді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен келіп отыр. Бірінші топ Екінші топ Бахтияр:— Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты, Білім мен тапқырлардың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру) Тәрбие ісінің меңгерушісі:Құандық Сәндігүл және 11 сынып оқушылары Арайлым мен Жұлдыз.Айсұлу: —Сәлем берем халқыма, Сәлем берем жалпыңа, Сәлемдесу кіреді, Ата-дәстүр салтына— демекші әр топ мүшелері бірігіп өзінің ұранын және төс белгісін құрастырып айту керек. Бахтияр:— Әрқашанда білім көптік етпеген, Талапсыз жан мұратына жетпеген, Сәлем бердік ұландарға талапкер, Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен. Айсұлу: — Бүгін біз ұлан-байтақ Қазақстан жерінің бірнеше бекетіне тоқталып өтеміз. 1 бекет- «Үміт» бекеті 2 бекет – «Мықтылар» бекеті 3 бекет – «Тілшілер» бекеті 4 бекет – "Айтқыштар"бекеті 5 бекет – «Қызықты математика» бекеті Бірінші сайыс кезегіміз «Үміт» бекеті деп аталады. «Үміт» бекетінде бізді мынадай тапсырма күтіп түр. Берілген видеороликті пайдаланып,ой толғау. Видеоролик көрсетіледі. — Ал енді дайын болсаңыздар, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Әділқазылар өз бағасын бере отырар. Бахтияр: — Тұлпарларымыздың шабысын бәсеңдетіп, «Мықтылар» бекетіне тоқтайық. Әр топқа 7 сұрақтан қойылады. Сұраққа дұрыс, толық жауап берген топ жеңіске жетеді. І топтың сұрақтары:1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? ? (1991жыл.) 2. Еліміздің рәміздері қашан қабылданды? (1992 жыл 4 маусымда.) 3. .Юнесконың шешімі бойынша Астана қаласына қашан «Бейбітшілік қала»атағы берілді? (1998 жылы.) 4. Абайдың қанша қарасөзі бар? 5. «Қазақстан-2030 даму стратегиялық» бағдарламасының қабылданған жылы-? (1997 жыл.) 6. Н.Ә.Назарбаев қандай ғылымдарының докторы ? (экономика ғылымдарының докторы) 7. Астанамыз Ақмола мәртебесін қашан алды? (1862 жылы.) ІІ топтың сұрақтары: 1. Жаңа елорданың атауы Астана болып қашан өзгертілді? 6.09. 1998жылы 2. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңгенің айналымға енген жылы (1993 жыл.) 3.Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? 4. «Астана»сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береді? Парсы тілінен алынған, « киелі орын, босаға» деген мағынаны білдіреді. 5. Қазақстанның жаңа елордасы Астананың халықаралық тұсаукесері қашан болды? (1998 жылы 10 шілдеде.) 6. Тәуелсіз мемлекеттер достығы қашан, қайда құрылды? 1991 жылы Алматыда. 7. Қазақстан жерінен өткен жол. 8.Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан тойланады? Айсұлу:Қыздарымыздың орындауындағы қазақ биін тамашалайық Айсұлу: Өнерлі балаларға кім жеткен, Әр салада небір өнер көрсеткен, Төртінші сайысты біз бастайық,Бахтияр:— Тілдерді меңгеремін, тең көремін, тілшілер сайысында күшімді сынап көремін, – дейді топтар . «Тілшілер» бекетінде қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұрасы — мақал – мәтелдер бойынша жарыс болады. Ал, бастайық. Мысалы мен, Айсұлу 6 тіл білемін. Менің атым Бахтияр. Меня зовут Бахтияр. Мениң иним Бахтияр. Май нейм ис Бахтияр. Их хабе Бахтияр Айсұлу: — Жарайсың, Бахтияр. Ал енді сөзді сайыскерлерге берейік. Мақалдарды аяқтап, сөздерді орысшаға, ағылшын тіліне аудару 1.Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — …… (сөз, слово, word) 2.Тамшы тас жарады, тас жармаса …… (бас, голова,head) 3.Өнер алды – қызыл ……… (тіл,язык, language) 4.Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер. (жаман, плохой человек,bad) 5.Ана сүті бой өсіреді, ……….. ой өсіреді (ана тілі,родной язык, native language) 6.Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ……. боларсың (шешен,оратор , chanzen) 7.Көп сөз күміс, аз сөз ……. (алтын, золота,gold) 8.Мектеп – кеме, білім — ……. (теңіз, море, sea ) 9.Денсаулық – зор …….. (байлық, богатство, wealth) 10. Білім сандығы — ……… (кітап,книга,book ) 11. Әдепті бала – арлы бала, ……….. бала – сорлы бала (әдепсіз, не воспитанный,abusive) 12. Бала тілі — ….. (бал,мед,honey ) 13. Ашу — дұшпан, ақыл — ……. (дос, друг,frend) 14. ….. көтермегенді, тіл көтереді (піл, elephant) 15. Жеті жұрттың тілін біл, …….түрлі ілім біл. (жеті, семь,seven) 16. Тілден артық ……… жоқ. (қазына, treasury) 17. …….. сөз, бос сөз (көп,много,a lot) 18. Мағынасыз сөз болмайды, ………………… ел болмайды. (мақалсыз, без пословицы,not a proverd) 19. ….. оттан да ыстық (отан, родина,homeland) 20. Отансыз ……. , ормансыз бұлбұл (адам, человек,person)Бахтияр: Келесі бекеттің атауы «Қызықты математика». Бұл бекетте математикалық формулаларды қаншалықты білетіндеріңді көреміз. Кім тез орындап шықса, сол жеңіске жетеді. Бұл сайыста І топ 12 мен 16 сандарын , ІІ топ 19 және 91 сандарын пайдаланып,виет теоремасы арқылы квадрат теңдеу құрастыру керек. Айсұлу: Сайыскерлер ойынын, Тамамдадық біз бүгін, Әділқазы береді, Дұрыс, әділ шешімін Айсұлу: Ал қазір Тәуелсіздік күніне арналған шашуды қабыл алыңыздар 8 сынып оқушысы Хайымхан Ақтілектің өз шығармасы «Тәуелсіздік» өлеңі. Бахтияр:Сөз әділқазылар алқасының төрағасы тәрбие ісінің меңгерушісі Құандық Сәндігүл мұғалімге беріледі. Айсұлу: Көрермен қауым, ықылас қойып тыңдағандарыңызға рақмет. Бахтияр: «Көк тудың желбірегені» әнімен бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған сайыс сабағымызды аяқтаймыз. Айсұлу: Мереке құтты болсын! Сау болыңыздар