Тәрбие жұмысы бойынша ІІ тоқсандағы атқарылған жұмыстардың есебі
«Бала құқығы-адам құқығы» айлығының жоспары негізінде мектепшілік
«Бақытты ана-бақытты бала-бақытты отбасы –бақытты ел» ата-аналар жиналысы өткізілді. Арнай график бойынша бекітілген жиналысқа ата-аналар мен мұғалісдер белсене ат салысты. Сұрақтар қойылды, мәселелер тыңдалды.
«Детство без жестокости и насилия» акциясына қатысқан мектептің өзі-өзі басқару ұйымының жұмысы республикалық байқаудан жүлделі ІІІ орынға ие болды.
«Бала құқығы конвенциясы» туралы барлық сынып жетекшілер сынып сағаттары өткізді.тәрбие жұмысының жылдық жоспары негізінде жоспарланған мектепшілік «Жайдарман»көңілді тапқырлар клубының жұмысы жалғасын тапты. «Балалар жылы»орай 5-10 сыныптар арасында құрама топтан құралған КТА ойыны өткізілді. Барлығы 6 команда қатысты. Ойын жоғарғы деңгейде өтті, барлық қатысушылар мадақтама мен түрлі тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Бағзи Мәдине «Әлем әнмен ажарлы» атты облыстық жас әншілер байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталып келді.
15 қараша Ұлттық валюта күніне орай сынып сағаты өткізілді, аталған сынып сағаты видеоға жазылып ютуб желісіне салынды.
22 қарашада өткен сайлауға барлық ұжым белсене қатысып, өз дауыстарын берді. Тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша бекітілген жоспар негізінде әр ай сайын сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізіп отырды. Барлық өткізілген сынып сағаттар әлеуметтік желіге алынды. 1 желтоқсан бүкіл әлемдік СПИД –ке қарсы күрес күні атты акцияны мектеп медбикесі мен тәлімгері өткізді. Оқушыларға СПидке байланысты көп ақпарат берді.
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған аудандық «Бояулар құпиясы» атты байқауға қатысқан Тенелген Нұрсауле 2 орын, Еркебұланқызы Алуа 3 орын алды.
Волейболдан ашық турнирге қатысқан мектептің жас ұстаздары жүлделі 2 орынға ие болды.
Көкшетау қаласында V облыстық жас педагогтар форумы өтті.
Мектеп психологы Ерболат Шагуан Ақмола облысы білім басқармасы басшысының м.а В.Г. Гамазовтың қатысуымен «Болашақ сарайы» алаңында «Білімді жастар- жарқын болашақ» V облыстық жас педагогтар форумына қатысып,жүлделі І орынға ие болды.
Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары арасында шахматтан сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Ауданда ұйымдастырылған «Ақ шағала» би байқауына барған «Би әлемі» ұжымы жүлделі 3 орынға ие болды.
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұғырым» атты 2-8 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Барлық қатысушылар жаттаған өлеңдерін оқыды. Арнай ережеге сәйкес мадақтамамен марапатталды.
«Тәуелсіз елім -Қазақстан» атты 6-11 сынып арасында театрланған қойылым өтті. Ашарлылық, Ұлы отан соғысы, Желтоқсан оқиғасы сәттерінен қойылымдар қойылып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мектептің жас ұстаздар қауымы тәуелсіздік күніне байланысты құттықтау жолдап, «Желтоқсан желі» әніні айтып, челлендж жолдалды.
Желтоқсанның 12-19 аралығында «Көлемді жаңа жылдық ойыншықтар» байқауы ұйымдастырылды, бұл байқауға тек 0-4 сыныптар қатыса алды. Арнайы комиссия мүшелері тағайындалып, жасалған жұмыстар бағаланды.
Бас жүлде – 1 б сыныбы , сынып жетекшісі Смусенко Е.Я
І орын – 2 б сыныбы , сынып жетекшісі Оспанова Д.М
ІІ орын- 3 а сыныбы, сынып жетекшісі Омарова С.Е
ІІІ орын – 3 б сыныбы, сынып жетекшісі Гелисханова Н.С
ІІІ орын- 4 Б сыныбы, сынып жетекшісі Мухамеджанова С.К
0 А сыныбы мен 4 А сыныбы қатысқаны үшін марапатталды
.1 сыныптарға «Қош бол,әліппем» атты ертеңгіліктер өткізілді. 1 сынып оқушылары тақпақ айтты, ән салды, би биледі өздерін барлық қырынан таныта білді.
Ауданда өткен қазақша күрес ашық турнирінен 6 сынып оқушылары Хуандық Ақжол 2 орын, Асылбек Ибраһим 3 орынға ие болды.
Жаңа жыл мерекесіне орай өткізілген «Үздік жаңа жылдық есіктер» байқауына барлық сыныптар белсене қатысты , арнайы құрылған комиссия мүшелері төмендегідей қорытынды жасады: ең үздік есіктерге бастауыштсыныптар арасынан 1-3 «Б» сыныбы, орта буыннан 5 «Б» сыныбы, жоғарғы сыныптардан 8 «А» сыныбы.
29 желтоқсан күні барлық сыныптарда жаңа жылдық іс-шара өткізілді. Барлық сыныптар жақсы қатысты, персонаждар да өз рөлдерін жоғарғы деңгейде алып шықты. Оқушылар аяз атадан тәтті сыйлықтар алып, соңы би кешімен аяқталды.