Мектептегі секциялардың жұмысы туралы есеп
Биылғы оқу жылында «Волейбол», «Теннис», «Жеңіл аттлетика», «Баскетбол», «Асық ату» сияқты секциялар мен үйірме өз жұмыстар жүргізіліп отір.
Секцияның негізгі мақсаты: Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты - баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу болып табылады.
Әр секцияларда толық оқушымен қамтылған. Өткізу уақыт дүйсенбіден жұма аралығында бекітілген график бойынша өтіледі.
Үйірмелер мен спорт секцияларына қатыса отырып, балалар бос уақыттарын жеке тұлғаны дамыту үшін оң мақсатта пайдаланады. Оларға мектеп спорт залы, спорт қалашығы, стадион ұсынылды. Мектепте оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін жақсы жағдайлар жасалған деп айтуға болады.
Секция жұмысы бір жылға арналған бағдарламалар мен тақырыптық жоспарлар бойынша атқарылады. Спорт секциялары мен дене шынықтыру сабақтары таза ауада жылы мезгілде ұйымдастырылады . Үйірмелер мен спорт секциялары кестеге сәйкес жүргізіледі