Текст
11.02.25. 7-10 «Б» сынып оқушылары арасында «Бұзақылықтан қорғау!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары». Мақсаты: оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасындағы толеранттылықты арттыру және жанжалдардың алдын алу. Міндеттері: Мәдени және психологиялық айырмашылықтарға сезімталдық пен құрметті дамыту. Бір-біріне деген достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, балалардың әлеуметтік дағдыларын және құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.