«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балбөбек» шағын-орталығында семинар өтті

Ақмола облысы, Бұланды ауданына қарасты Қараөзек ауылындағы «Балбөбек» шағын-орталығында мектепішілік семинар өтті. «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы балалардың білімін жетілдіру» атты бұл семинар тәрбиешілер мен педагогтардың заманауи жұмысы мен білім алушы бүлдіршіндердің зеректігін зерделеген ашық сабақтардан тұрды. Топтық, жекелеген бағалаулар нәтижесінде оқу үлгерімі жақсы жеткіншектер жүлделі орындарға ие болды. Тәрбиеші Хумаш Амангүл дайындаған «Балапан» тобының балалары «Қошақан» әнімен семинардың шымылдығын түрді. Ән айтқан, сурет салған, есеп шығарған өнерлі де білімге құштар жас жүректер болашақтарынан үлкен үміт күттірді.

            Балабақша тәрбиешілерінің әр түрлі тақырыптағы тыңғылықты баяндамалары бүгінгі қоғам тынысымен ұштасып, жас ұрпақтың бойына дарытуға тиісті бірегей құндылықтардың болмысын ашты, тыңдармандарға тағылымды ой сыйлады. Баяндамалардан өзге, әріптестеріміздің шеберлік сыныптары мен қызығушылығыңды оятатын тренингтері қатысушылардың ынты-жігерін тасыта түсті. «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы балалардың білімін жетілдіру» атты семинарда баяндама оқыған Байтова Галия Рахимовна, Меруерт Солтан, Нағай Шамер сынды тәрбиешілердің тағылымды тақырыптары өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілеттерін оятып, қоршаған ортаға тез бейімделуіне жол ашуымен өзекті болды. Н.Мағзам, Жегитаева Гулия Бақытжановна, Мөтекей Сайран  сияқты педагог тәрбиешілердің шеберлік сабақтары мен дидактикалық дәрістері осы семинардың мәнін тіптен тереңдете түсті.

            Сондай-ақ балабақша қабырғасында өткізілген «Зерек бала» олипиядасы аталмыш семинардың тіптен сән келтірді. Бүлдіршіндер арасындағы олимпиада нәтижесіне сәйкес  1-орынға  Амантай Дана Ерланқызы, Жүнісхан Ескендір Өмірбекұлы, Оразбекұлы Рамазан ие болса,  2-орынға Елешқызы Нұрерке, Нұрсолтанұлы Нұрислам  тұғыр тапты. Ал, 3-орынға Бауыржанұлы Кәрім, Пропустин Алексей Евгеневич лайықты деп табылды. Белсене қатысқан үшін Муса Меруерт Ізбасарқызы, Бірлікжанұлы Нұрәлиде марапатқа ие болды.

            Осынау семинардың өтуіне мұрындық болған Қараөзек орта мектебінің директоры Даирова Калимаш Егинбаевнаға зор алғыс білдіреміз. Ұлт болашағы мен ұрпақ тәрбиесі жолындағы женкешті еңбек етіп келе жатқан әріптестерімізге сәттілік тілейміз. Саналы ұрпақтарымыз көп болсын.

 

 

Авторы: Солтан Меруерт

/ «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі/ 

Жаңартылған күні: 13.05.2022 14:39
Құрылған күні: 13.05.2022 14:39

Текст