Текст
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында елжандылық, адамгершілік, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Салтанатты қабылдау барысында ұйым қатарына енуге лайықты деп танылған оқушылар ант беріп, "Жас ұлан" қатарына ресми түрде қабылданды.
Шара патриоттық әндермен, өлең шумақтарымен және мектеп оқушыларының жүрекжарды лебіздерімен әрленді.