«Ең жасыл кабинет» байқауы бойынша
анықтама
Сынып кабинетін көгалдандыру мақсаты: Ең үздік жасыл кабинетті анықтау.
Міндеттері:
- білім алушылардың белсенді өмірлік ұстанымын, салауатты өмір салтына қызығушылығын дамыту;
- білім алушылардың бойында әдемі, азаматтық ұстанымға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көгалдандыру кезеңдерінің бірі кабинетті гүлдермен безендіру кезеңі болды.
Кабинетті көгалдандыру жұмыстары дәстүрге айналуда. Бұл конкурс жыл бойы жұмыс жүргізіледі. Кабинеттегі гүлдердің саны, күтімі бағаланады. Жалпы байқауға қатысқан 22 кабинет қатысты. Күз, көктем айларында гүлдері жайқалып өссе, қыс айларында кабинеттің суығына байланысты көп кабиенеттерде гүлдер саны кеміп отырды. Сынып жетекшілер көктем айларында сынытарымен гүлдердің топырақтары ауыстырып отырды. Байқаудың қорытындысы 25 мамырға дейін шығарылды. Биылғы жылы ең көп күтілген гүлдер саны да өзгелерден көп, оқушыларымен де еңбекке баулу мақсатында көп жұмыс жасаған 6 «А» сыныбы математика кабинеті «Ең үздік жасыл кабинет» атанды.
ТІМ: Құандық.С
Күздің бір күні тақырыбында өткен іс-шараға арналған
Ақпарат
Іс –шараның мақсаты: оқушыларға күзгі мерекелік көңіл күй сыйлау.
Осы жылғы күз меркесі оқушылар үшін өте қызықты өтті. Себебі оқушылар орманға саяхат жасады. Жай сахат емес, тапсырмаларлардан,бекеттерден құралған сайыс түріндегі саяхат болды. Ойын 4 бөлімнен тұрды:
Аталмыш іс-шараға сынып жетекшілер мен оқушылар білек сыбана кірісті. Таныстыру бекетінде тобының атын,ұранын сол жерде күзбен байланысты алып, қорғады. Шығармашылық бекетте күз туралы өлең шумақтарын айтты, би биледі. Себет жинау бекетінде барлғы орман ішіндегі өсімдіктерден, гүлдерден үлкен букет жасап ,қорғады. Ал соңғы бекет бәрі үшін қызықты болды. Ерекше, қайталанбайтын фотосессия жасады. Фото суретке түсті, тик ток түсірді. Бекеттер бойынша әділ-қазылар тағайындалып, соңында қорытынды жасап, оқушыларды марапаттады. Күзгі серуеннің соңы сыныптарымен шай ішіп, көңілді ойындармен тарасты.
ТІМ: Құандық .С
Кәсіби бағдар беру жұмысының есебі
Оқу жылының басында мектептегі үгіт-насихаттық жұмыстар жүргізілуде: мектеп бітіруші сыныптарында стенд ілулі тұр "Қайда оқуға барасың?", мектеп сайтында "Кәсіптік бағдар" бар.
Ата-аналармен жұмыс (заңды өкілдерімен):
Кәсіптік бағдар берудің маңызы ата-аналармен жұмыс болып табылады. Ата-аналар,әдетте балаларының өмірі үшін олардың кәсіби жоспарларын анықтау кезінде белсенді қатысады. Сонымен қатар, мамандық таңдаудың жолдарын анықтау, білім беру қиын тапсырманы ұсынады да өздері үшін білім алушылардың және олардың ата-аналарының пікірлері саналады. Ата-аналар жиналыстарында сынып сағаттарына мектеп бітіруші сыныптарда, жеке консультациялар - сынып жетекшілері қатысты мәселелерді көтереді маңыздылығы туралы дұрыс таңдау одан әрі балалардың білім талаптарын ескере отырып, қазіргі заманғы еңбек нарығы туралы сөздер қозғалады.
Бүгін 9,10 сыныптарда кәсіби бағдар беру бойынша Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық институты, Чаглинка оқу орталығы, Бозайғыр көп салалы колледжден мамандар келііп ақпараттармен бөлісіп, мәліметтер берілді. Оқушылар аталған колледждер туралы бейнороликтер көріп, біраз мағлұмат алды.
Қаңтар айында 9 бен 11 сынып оқушылар Макин қаласындағы орналасқан № 8 өрт сөндіру мекемесінде болып, осы мамандықтың қыр сырымен танысып келді. Өте әсерлі сұхбат алды.
ТІМ : Құандық .С