Сабақтың тақырыбы: «Ел тағдыры- жер тағдыры»
Мақсаты:
Оқушыларға “адам-қоғам-табиғат”арасындағы үйлесімділікті, қоршаған ортаның мәңгілік қажеттілігін, оған антропогендік факторлардың әсер ету жағдайын түсіндіру мақсатында “ Ел-тағдыры-жер тағдыры” атты дәстүрлі әдеби-театрланған экологиялық сабақ өткізілді.
1.Ұйымдастыру кезеңі
І Негізгі бөлім-«Экология –ел тағдыры»
ІІ Әдеби бөлім- « Экология-өмірдің, соғып тұрған жүрегі»
ІІІ Экологиялық көрніс.
ІV Биогеценоз өкілдерінің айтысы
I Ұйымдастыру кезеңі (Мұғалімнің кіріспе сөзі)
Бүгінгі күні Қазақстанда экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану , көркейту қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын
жүйелі әрі ғылыми негізінде кешенді тұрғыда жүргізуді қажет етеді. Ата-бабаларымыз өздерінің өнегелі
өсиеттері мен терең даналық ой-пікірлері, асыл қасиеттері арқылы табиғатты аялап, бағып үнемі қамқорлық жасап, көркейтіп отырған.
Негізгі бөлім «Экология-ел тағдыры»
1-жүгізуші. Бүгінгі таңда адамзат алдында аса күрделі экологиялық проблема-биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат-ресурстарын тимді пайдалану және қорғау. Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтің «Қазақстан-2030» стратегиясында « Біздің табиғи ресурстарымыз орасан зор байлық». «2030-жылы Қазақстан ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекті елге айналу тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің бақтарымызға енбейтін болады»-деп жазылған.
2-жүргізуші. Қымбатты қонақтар! Тәуелсіз еліміздің табиғатын қорғаушылар! Сіздерге бүгінгі «Ел
тағдыры-жер тағдыры» атты әдеби-театырланған, экологиялық бастауға рұқсат етіңіздер!
II «Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі»
1-оқушы: Айың мынау, күнің мынау жерің мынау.
Ей, адамдар, жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын.
Асырайды ол сені, мені, елді де.
2-оқушы. Табиғатты тарылтпайық, Ей, адамзат! Ақылға сал
Мөлдір кәусар тынысын. Қатігездік жасама.
Пәк табиғат, әр жүректің, Өзіңдағы содан тудың
Тамылжыған жырысың Табиғаттың ұлысың.
3-оқушы: Ей, Табиғат шеберсің-ау шеберсің
Көрмегенді көрсетерсің берерсің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды міс етпей,
Аш көздеген адамдарға не дерсің?
4-оқушы: Табиғаттан бабамызда ала берген секілді,
Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті , ерлікті желден алған секілді.
Мөлдірлікті көгілдір көден алған секілді.
5-Оқушы Жасыл баққа бөле туған жеріңді,
Көк түтінне қорға аспан жеріңді,
Тәлімменен ұшта жігер күшіңді,
Табиғатқа дос болардай сенімді.
6-оқушы: Ей, замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су, мөлдір ауа өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
7-оқушы: Арша , Шырша қарағай
Жасыл желек мекенім.
Өмір бой күзетіп,
Аялаумен өтемін.
2-жүргзуші: Бүгінгі күні Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтар жайлы баспасөз беттерінде аз айтылып жатқан жоқ.Осындай үлкен мәселенің бірі-Арал теңізі. (8-сынып оқушысы Мырзабекті тыңдаңыздар)
III Экологиялық көрніс:
Саханада ағаштардың түбіртектері қойылған. Сахана ортасында ақ қайың бейнесіне енген қыз, қолында жоғары көтерген құс ұясы. (Мұңды музыка ойналады)
Ақ қайың сөзі:
Орман едік бір кезде біз жайқалған,
Аң мен құстың әсем әні сайраған.
Әні кеткен бұл өлкенің сәні кеткен,
Жалғыз қалдым жалғыздықтың сыры көп,
Анам, әкем, бауырларым қайдасың?
Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын.
Жалғыздықтың мұңы көп
Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ.
Қолында арасы бар әкесімен баласы келеді.
Әкесі: Ағашта қалмапты ғой?
Баласы: Әке бар ағашты өзіміз қырқып алдық қой.
Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой соны қырқып алайық.
Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, Табиғаттың сәні ғой.
Әкесі Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда табиғатты ойлайды деп тұрсың ба?
Көп сөйлеме ұста араның арғы басын. Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс шығып келеді.
Құс Тимеңдерші бұл аққайыңға, Ұямды бұзбаңдаршы. Қырқпаңдаршы
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам, таспен атып ұршы.
Баласы: Әке ол өз ұясын қорғап жүр ғой! Ос ағашты қырқпайықшы қояйықшы. Құс сахананың алдынғы тжағына етбетімен құлағандай
қимыл көрсетеді. Құс ақырын басын көтеріп айтады
Ей, адамзат,ойланшы сен бір сіт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.
Ысырапсыз табиғаттың бар байлығын.
Не көреді? Не қалады ұрпағыңа?
Мен көрдім жас қайыңның , құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Сарғайып жапырағы өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын.
IV Айтыс
Ассалаумағалеикум рдақты алашым,
Тең көрген қазақ едік бар баласын.
Бүгін мен ақиқатты сөзге қосам,
Бір аллам мынау халқым қолдағасын
Адалдықпен жырымыз ар-ұятқа,
Ақын атым сай келер шариғатқа.
Экология бұзылып ластанып,
Эрозия пайда болып табиғатқа.
Сөйлесем ақындықпен мұқын жырлап,
Осылай жүрегімнен жырым үн қат.
Бурабай байға пана болғанымен,
Елім үшін білемін сыры қымбат.
Бүгінгі таңда ауасы ластанған,
Ауруға болады екен болады екен қанша зұлмат.
Ауасы ластанған,дауасы жоқ,
Болды екен неліктен құны қымбат.
Сөзімді жалғап жібер ақыным-ау,
Алла деген ақ сөзің мен елді тыңдат.
2-оқушы
Ақиқатты айтпасам жарамайды,
Ақының осылай сөз саралайды.
Оның рас Бурабайда ластаныпты,
Табиғаты өзгеріп ауа райы.
Алқалы елге арналар жырым бүгін,
Көрерменге көмкеріліп сырым бүгін.
Алла деп бұл айтыстың шымылдығын.
Осылай ақындарың жырлаптыма,
Адамдар Бурабайда демалуда,
Ұмытып қанша ауру зұлматты да.
Бабаларым басып өткен Бурабайда,
Козина салынады деп үн қаттыма.
Бабалардың даласына казино сап,
Жын ойнақтың ордасы қылмақшы ма?
1-оқушы
Бурабай мекені еді арысымның ,
Құлагер тұғындаған шабысымның.
Казино салынады деп Бурабайға,
Естідім ол рас дауыс үнін.
Бабалар басып өткен бұл далаға,
Жын ойнақты салуға мен қарсымын мен.
Біз айттық бағанадан ауыр жайды,
Қанша айтсақ жағымыз ауырмайды.
Бурабайды сөзімізге тиек еттік,
Ал енді айтып жібер ауыл жайлы.
2-оқушы
Мекенім ойын құрған сауығымды,
Тыңдатып алқалы елім қауымыды.
Жырла десең мен жырлайын жаңылмастан
Қараөзектей қазақи ауылымды.
Көктем келіп, сыңғырлап бұлақтары,
Күн мен түні ауысып тұрақтады.
Ауыл да эрозия пайда болған,
Мүжілген таулары мен қыраттары
Ағашы да сиреп кетті ормандардың
-Деп, ақының отырып жыр ақтарды.
Ал ақыным сөзімді жалғап жібер,
Қайтара жауап іздеп
сұрақтарды.
1-оқушы
Кемшілігін ауылдың қазайын ба?
Деп бүгін жүректен жыр жазайын ба?
Түлкі, қоян, елік көп кезгуші еді,
Ал бүгін сиреп кетті азаюда.
Бәрімізде аман-есен жүрейікші,
Қиналмай бақытты өмір сүрейікші.
Кемшілігін іздемей тырнақ асты,
Мынау елге ізгі тілек тілейікші.
Ақыным ел алдында бағың болсын,
Алқалы жиналған ел аман болсын.
Қой үстінде боз торғай жұмыртқалар,
Елімізде бейбіт заман тыныш болсын.
2-оқушы
Ақыным асыл сөзің от болса екен,
Сөздерің алау атқан шоқ болса екен.
Жиналған алқалы елім аман болсын,
Ешқашан уайым жоқ болса екен.
Тауық жылы берекелі құтты жыл боп,
Бақытымен ырысы көп болса екен.
2-жүргізуші
Бүгінгі сабағымызды мына өлең жолдарымен қорытындыласақ:
Табиғаттың панасымыз
Түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың қамқоршысы
Мына біздің өзіміз.
1-жүргізуші:
Асқар тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын деген ұғымдарда, туған жеріңнің табиғатын аялай біліңдер,
деген аталы сөзі қасиетті де киелі ұғымы жүрегіміздің төрінен орын алып санмыздан шықпауы тиіс.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында және «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты республика халқына жолдауында ерекше экологиялық саясат ұстанымдарын көрсетіп, жастарға мемелекетімізді көркейту жолында «Жасыл ел» бағдарламасын бел шешіп кірісудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Сондықтан бүгінгі сабақтан алған білімізді алған тәжірибемен ұштастыра отырып туған еліміздің , жеріміздің табиғатын аялап, қорғай білетін. “ Болашақ 2030-дың барыстай ақылды, айбатты, өздеріне сенімді ел қалаған азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелейік!” –дей отырып сабағымды аяқтаймын.