«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қасым хан (1511- 518 жж.)

19.04.2017

Сабақтың  тақырыбы:    Қасым хан (1511- 518 жж.)

Мақсаты:

Қасым  хан  тұсындағы  қазақ  хандығының  жағдайымен жан-жақты  танысу. «Қасым  ханның  қасқа  жолы»  заңының  мазмұнын  білу.

1. Оқушылардың  белсенділігін арттыру;

2. Оқушылардың  білетін білімін  жаңғырту;

3. Өздерін-өздері  оқыту  арқылы  білім  беруге  ықпал  жасау, сыни  тұрғыдан ойлауын  дамыту  арқылы әр  баланы  қамтуға 

жағдай  жасау;

Күтілетін нәтиже: Қасым  хан  тұсындағы  Қазақ  хандығының  жағдайымен танысты, «Қасым ханның  қасқа  жолы»  заңының  мазмұнын  білдіру. Жалпыдан  негізгі  мәселені  ажырата  алу үшін  танымдық  қабілеттерін дамытады, Отанымыздың 

тарихынан  сабақ  алып, дұрыс қорытынды  шығаруға  үйренеді; әңгімені  өз  бетінше оқып, мазмұнын  ұғына  алады; шапқыншылық жорықтардың болу  себептерін анықтайды; өз  ойларын  талдай және  сараптай   алады; ойлау логикасы  дамиды;

 Әдіс-тәсілдері: СТО,топпен  жұмыс , жеке- дара  жұмыс, ашық сұрақтар, дарынды  оқушымен жұмыс (эссе), тест  сұрақтар

Ұйымдастыру  кезеңі (5 мин.)

1.Психологиялық  дайындық  

Топқа  бөлу

1-топ  Жәнібек

2-топ  Керей

3-топ  Қасым

Топ  басшыларын  анықтау, бағалау  парағын  беру.

Ой-қозғау: «Сиқырлы асықтар»  ойыны  арқылы үй  тапсырмасын  пысықтау

1. Жаңадан  құрылған Қазақ  хандығының  тағына Шыңғысханның  ұрпағы  болғандықтан, Керей мен  Жәнібек  сұлтандар  екеуінің  де 

отыруға  құқылы  болды. Бұл мәселені  Қазақ  хандығында қалай  шешті?

2.Жаңадан  шаңырақ  көтерген қазақ  хандығы  өз алдына  қандай  міндеттер қойды?

 3.Керей  ханның  ақылдасар тірегі  кім  болды?

  4.Жәнібек  пен  Керей Қазақ  хандығын  қайда тікті?

  №1«Тарихи  сынақ  хат» 

Оқушылар  орны  жасырылған жылдар  мен  сөздерді табуы  керек

-  Жәнібек хан -  ...   ханның бел  баласы, Керей  хан болса  ...   ханның ағасы  ...   сұлтанның баласы, яғни  екеуі  немере 

еді.  - ...  жылы Керей  хан  бастаған қол  ...,  Жәнібек хан  ...  шабуыл жасады. Сауран  түбінде  қазақтардан жеңіліс  тапқан  ...  хан  ...   қашты.  ...  пен  ...  Қазақ  хандығына  кірді.

-  Сыр  бойындағы  қалалар  ...,     ...,   ...,  Қазақ  хандығының  күш қуатын,  саяси беделін  нығайтып, әлемге  танытты.

Қызуғышылығын  ояту:

Оқушылар  қазақ  хандығының тарихи  маңызы  қандай? ( оқушылар  сұраққа жауап  береді)

  «Керей мен  Жәнібек  1465 жылы  алғашқы  хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің  тарихы  сол кезден  бастау  алады.

Н.Ә. Назарбаев 

Біз  кімбіз? /Ой толғаныс/  (оқушылардың  ойын тыңдау)

Мен   қазақпын,

Еркіндік  үшін дүниеге  келдім,

Көкбөрінің  көкірегін емдім,

Асан  қайғымен жаһанды  шарладым,

Мұқағалидің  мұратына ендім,

Абылай  ханның ордасына  ендім,

Наурызбайдың  соңынан ердім,

Абай  болып бір  рет  туылдым,

Махамбет  болып бір  рет  өлдім,

Қабанбаймын, Жәнібекпін,

Бөгенбаймын, Райымбекпін

Шақантаймын, Шыңқожамын

Жауымды  жендім.

Қожасымен  тағдырдың

Ұрпағымен  Жамбылдың

Көненің  қалған көзі  едім

Дананың  айтқан сөзі  едім

Саф  алтынның сынығы

Ер Қасымның  өзі  едім   (тақырыпты ашу)

 Жаңа сабақтың  тақырыбы:   Қасым хан  (1511-1518 жж.) Қасым  ханды таныстыру (видео)

«Ойлан,жұптас, топтас»  тапсырмасы.

Топтарға  мәтінді  бөліп беру.

1-топ  Керей 

«Қасым  ханның  тұсында Қазақ  мемлекетінің  өрлеуі», «Қасым ханның заңдары»

2-топ  Жәнібек «Қасым  ханның ішкі саясаты»

3-топ  Қасым «Қасым ханның  сыртқы  саясаты»

Оқушылар  тақырыппен толығырақ  танысып, Қасым  ханның жүргізген  ішкі  және сыртқы  саясаты  туралы топта  талқылайды. Қасым  хан жайында  білетіндерін  дәптерлеріне түсіріп, топпен  талқылап,жауап  береді.

 «Орынын тауып  қой»  ойыны. Мұнда  мұғалім сұрақ  қояды  оқушылар қойған  сұрақтың  жауабын тауып, оны  картаға  апарып іледі.

Картамен жұмыс

1.Бұрындық  хан қай  өзен  бойындағы қалаларды  қазақ  хандығына қаратуға  күш  салды.

2. Қазақ  хандығы қай  жерде  құрылды? 

3.Қазақ  хандығының шекарасының , шығыс оңтүстіктегі  жерінің  басым бөлігі  қай  өзендердің алабына  қарады?

4.   Қасым  хан кезінде  қазақ  хандығының шекарасы  солтүстікте  және шығыс  солтүстікте  Ұлытау өңірі  мен   Балқаш  көлінен асып, қай  тау  тармағына дейін  жетті?

5.  Қазақ  хандығының астанасы  Қасым  хан тұсында  қай  қала болды?

 Ой толғаныс: Шығармашылық  тапсырма беру

1-топ  РАФТ әдісі  Тарихи  тұлғаға хат  жазу

Р-роль -

А-аудитория -

Ф-форма –

Т-тақырып –

2-топ  Эссе жазу

Тамсантып  тілін тұлпардың,

Білімге  ұмтыл, ұрпағым!

1-топ  Математикалық ойын: Шарты  есеп  шығарамыз, шыққан  жауабында қандай  оқиға  болды соны  айтамыз

(456*2)+602=

(988+455)+80=

(560+650)+301=

(951+500)+81=

(655+104)*2=

 2-топ  Қасым ханның  тұсындағы  аса маңызды  тарихи  оқиғалар 

кестесін  толтыру.

Тарихи  оқиғалар

Хронологиялық 

ауқымы

Қысқаша  сипаты

Қазақ 

тарихындағы  маңызы

 

 

 

 

 3-топ Венн диаграммасы  Қасым  хан мен  Н. Назарбаев  ел билігіндегі  ұқсастықтар  мен ерекшеліктерді  жазу

  Бағалау: 

Топ басшысының  тоқтамы:  Бағалау парағы  арқылы  топ басшылар  бағалап,  қорытындысын айтады.

  «Білім  бәйтерегі»  бүгінгі сабақ  бойынша  пікірлерін стикерге (кері байланыс) жазып орналастыру.

 

Просмотров: 640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст