Тақырыбы : Бастауышым– бақытты шағым!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп,
еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата - анасының, Отанының адал ұл - қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштаса отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз
ерекшелігімен таныту, сәт – сапар тілеп табыстау.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» Слайдтар.Қанатты сөздер мен тақырып.
Мұғалім : Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасуға арналған "Бастауышым - бақытты шағым!" атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген – бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә ит қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сынып оқушыларын ортамызға!
1. Умирбеков Алишер
2. Ардахұлы Нұрбек
3.Таласбек Сабит
4.Таштуанұлы Мұқтар
5. Абишұлы Нұрсұлтан
6.Есенханқызы Назгул
7. Ержан Ақтілек
8. Анарбек Бақытгүл
9. Елеусиз Мухамет
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, «Әдепті бала» , «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны»,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал
күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім
нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Алишер : Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Нұрбек:Армысыздар өр тұлғалы ата - ана!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Ал енді бастауыштан ұшқалы отырған түлектерге сөз берейік, ұстаздарына айтар тілектері бар шығар.
Мұқтар: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Назгул : Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
Сабит: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Ән : "Ұстазым"
Мухамет: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Нұрсұлтан:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Бахытгүл: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Ақтілек: Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.
Ән "Мектебім"
Би "Аққу"
Көрініс: "Тетр"
Сабит :Бар білім бастауыштан басталады.
Шығармыз шыңға биік асқаралы.
Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз
Аманжол апай, әлі - ақ ақталады.
Ұмытпас түлектерің, сізді Аманжол апай,
Қолына алғаш қалам ұстатқанды.
Алдыңызда әрқашан тағзым етіп,
Тұрады «Ұстазым» деп басын иіп.
Алишер :Ағылшынша оқыдық тілін білдік,
Дыбыстарды талдадық, сырын білдік.
Соның бәрін жалықпай, түсіндірдің
Соның бәрін біздерге ұғындырдың.
Айсұлу апайға мың алғыс.
Ақтілек : Бұлбұл үнің қаншалық,
Тыңдап жүрдік тамсанып.
Ақырында үйреттің
Тамылжыта ән салып.
Алмагүл апайға мың алғыс
Нұрбек : Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Ұстаздарымыз әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өн берген!
Сәле апайға мың алғыс
Мұқтар: Күлімсіреп қағып қойып арқамнан ,
Әр қашан да ада қылып жаутаңнан.
Қойдай момын , суретші ағай бар бізде,
Қос қолынан өнер емес бал тамған !
Болмаса да алда таңдар саламыз ,
Артымызда қалар ма екен көп аңыз .
Алла қолдап , айым туса оңымнан ,
Біз де сіздей өнерлі адам боламыз !
Хормен: «Пән мұғалімдеріне мың алғыс!»
Би : "флечмоб"
Алишер : Бала ата - ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай,
Олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата - ананың да еңбегі мол.Ендеше ана
-анамызға арнап бір ән шырқайық
Ән: «Әкешім - анашым»
Нұрбек : Арналады ұстаздарға,
Құрмет деген, төр деген.
Біздің елде адам бар ма,
Ұстаз алдын көрмеген.
Көрініс : "Аңдар жиналысы"
Алишер: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Би : ұлдардың орындауында
Ән : Хормен
Нұрбек: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Ұстаз тілегі:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған .
Қоштасатын күнде келді бастауышпен ,
Қиын ау болып тұр бұл маған .
Кеше ғана алдыма келген едің ,
Именіп ұлы ұяға енген едің .
4 - жыл бойы сусындап білімменен ,
Ұшатын қанат қағып келген кезі .
Айналайын жарқыным жүздеріңнен,
алыстайтын жанымда күз көңілден .
Мен сендерге мәңгілік тірекшімін ,
Тілек тілеп мен тұрмын іздеріңнен.
Ұстаздық ақ жүректен сендерге тек жолдарыңнан сәттілік тілеймін .
Алишер : Теңіз де көп тамшыдан құралады,
Мектеп өмірі сіздермен ұзарады.
Мектепті дамытып алға ұстаған,
Директор мен завучтар сөз алады, дей отырып мектеп әкімшілігіне құттықтау сөзін береміз
Мұғалім: --
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымызға береміз
Мұғалім::- Аяқтап кешті, мектепті
Гүлдерге толсын қолдарың.
Қызықтап жазды қайтыңдар
Сәт - сапар болсын жолдарың!!!- Осымен салтанатты ертеңгілігімізді жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау - болыңыздар!
ӘН : Сабиттің орындауында