Тренинг сабағы «Достарыммен бірге».
Мақсаты:
-ұжымды біріктіру, көңіл-күйді көтеру
- Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу;
- Өзгелердің қызығушылығымен санасу;
- Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді қалыптастыру.
Жұмыс барысында төмендегі ойындар мен жаттығулар орындалды:
Жаттығу «Сөмкені жинау»
Мақсаты:
-өзге затқа деген сезімін білдіруге, ынта-ықыласын дамыту;
-кішіпейілділік,қамқорлық көрсетуді дағдыға айналдыру.
Жаттығу: «Көрпені жамау».
Мақсаты:
заңдылықты қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Қиял, елес ұғымдарын жетілдіру.
Жаттығу: «Неден жасалған»
Мақсаты:
балаларға бағыт ұғымының көп мағыналы екендігін түсіндіру, сөз бен істі бағалай білуге үйрету, барға қуана білу, өз айналасын жағымды қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру.
Релаксацияға байланысты жаттығу:
«Өзіңмен өзің»
Тренингтер соңында: «Флешмоб» билеп, кері байланыс өткізілді.