Туған жер
Уа, туған жер,топырағыңнан жаралдым
Алабыңнан арманыма нәр алдым
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай таңғы жұпар самалдың
Әбу Сәрсенбаев
Жоспар:
1)Кіріспе
2)Негізгі бөлім
А)Туған жерімнің тарихынан сыр
Б)Туған жерге ыстық махаббат
3)Қорытынды
Сағынған да көзіңе жас келер,айтарға сөз жетпейтін өзіңе ғана аян болар бір жер бар екенін білесің ол –туған жер.Сондықтан да ,туған жер-әр адамның өмірінің басталар киелі орны болып саналады..Өз өмірінің бастауын ешкімде ұмытпасы хақ.Нақты осы жер оны елімен,өткенімен және болашағымен байланыстырады.Міне, сондықтанда әр адамға туған жерінің тасы таныс,күні де ыстық,түні де ыстық.Әр адамға туған елі,туған жері қанша кішкентай болсын,қанша табиғаты нашар болсын,экономикасы төмен болсын,өз жүрегінің төрінен орын алатын,әлем,дүниежүзіндегі ең керемет жер,өлке.Әр адамға
туған жерінің түтіні күйесіз,тікені гүл болып көрінеді.Кіндігін кескен бұл жері
кімгеде жұмақ іспеттес.Бір жаққа шықсақ туған жерімізді есімізден шығара алмаймыз.Бақа батпағына,балық көліне,адам туған жеріне асығады.Халық даналығындай “ Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас” демекші әр адам көзі үйренген,тылсым тынысымен рақаттанатын,ауасымен дем алып,шаршағанын басатын,туған жеріне асығып,мұрны қаңсиды.Басқа жердің отынан,өзіңнің туған
жеріңнің әр үйінің мұржасынан шыққан түтініні артық болып көрінеді.
Туған жері үшін сонау қиын-қыстау, зар заман кезеңде елінің,жерінің намысын есе қылып жібермей,жерін
қорғаған,мықтылардың мықтысы,қаһарман батырларымыз туған жерім деп жан берген,қасық қаны қалғанша шайқасып,соңғы демі шыққанша беріспей,жау алдында бас имеген болатын.Осы зар заман кезеңінде әр баланың арманы өзінің туып өскен жерін өз ата-бабалары сияқты қорғап,батыр болу еді.Осындай намысты ұрпақтарға үлгі болар ер-жігерлі,рухты көтерер,жүрек жұтқан батырлар болғаны айқын көрінеді.Міне,сол ержүрек бабаларымыздың ізін жалғастыра кейінгі ұрпақ жерін қорғап,бізге осындай гүлді,нұрлы,шұрайлы жерді сыйлады.
Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.Қазақ жерінің тәуелсіздігін алу жолында көптеген қиындықтан өтіп,қуғын-сүргін зорлығын көріп,ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама,яғни бір сөзбен айтқанда жұт жайлаған
кездерден өтті.Халық көрген қастерлі кездерде ел арасынан шыққан батыр жандар болмағанда, қазіргі болашақ пен тыныштық кұнге жетпесте едік.Қанша қасірет көрседе елі үшін,жері үшін,ата-анасы үшін намысты ер-жігіттер қолына суық қару алып,озбырлыққа қарсы тұрды.Көптеген көтерілістерге шығып,әділдік орнатуға тырысты.Сондай әділдік үшін күрескен,жері үшін жанын берген,ерекше үлгі болар батырларымызды айта кетсек-қазақ тәуелсіздігіне қауіп төндірген қалмақтарға қарсы-Келмембет
батыр,тарихта елді ерен еткізердей орын алатын Бұланты шайқасына қатысып,тәуелсіздік үшін маңызды рөл атқарған батыр-Шақшақұлы Жәнібек,қалмақтарды қууға ерекше рөл атқарып,Бұланты бойындағы шайқаста қалмақтарды жеңген –Бөкенбай батыр немересі Жоламан Тіленшіұлы батыр,Бөкей
ордасында ел намысын қорғаған батырлар-Исатай мен Махамбеттей алыптар,өз көтерілісімен бұрқ етіп, бірқатар қазақ жеріне жеңілдіктер алып келген батыр- Кенесары Қасымұлы ,Торғай мен Жетісу өлкелерінде өз ерліктерімен көзге түскен-А.Иманов,Ә.Жангелдин,Т.Бокин,Б.Әшекеев сынды ержүректілер,Елек қорғаны маңындағы көтерілісімен ерекше белсенділік көрсеткен батыр-Сырым
Датұлы,Сырдария маңындағы наразылық шайқаста ерлік көрсеткен батыл қолбасшы-Жанқожа Нұрмұхамед батырлар.Және де батырлар ғана емес,ел тағдырын,саяси істерін жүзеге асырып,оң шешім мен дұрыс бағыт-бағдар бере білген хандар,билердің тарихымыздың шебінде алатын орны ерекше .Олардың ұрпақтарына керемет, сара жолдарын салып,ел ісінің біршама істерін жеңілдеткен зиялы,қайраткерлер.Соның ең ерен алатындарының бірегейлері,олар-Керей мен Жәнібек екендігі бәрімізге белгілі.Олар ең алғашқы қазақ хандығының құрылу кезеңінің бастамасын бастап, қазақ даласының басын
біріктіріп,шашылған,бытыраңқы елді өз жеріне шақырып,бір ту астына біріктірді.Кейінгі қазақ халықтарының игілігіне өте зор үлес қосқан хандардың дара ойлы,сөзге шешен,мықты қолбасшы,батыр хан-Абылай хан.Шын есімі Әбілмансұр болған бұл атамыз Кенесары Қасымұлының тіікелей атасы болған.Тарихта өз есімін алтын іздей қалдырған,мәңгі жаддымызда ерлігімен қалар батырлардың батыры,хандардың ханы.Абылай атамыз тарихи жыр іспеттес.Елге билік жүргізгісі
келгендердің ығына көнбей,халық бостандығы үшін күшін аямай сарп еткен ірі қайраткер.Ол кісі менің туған жерім- Көкшетау қаласында кезінде үш бимен ақылдасып, үш жүздің басын қосқан екен дейді ел
аузындағы аңыз. Сондықтанда болар
Көкшетау қаласында Абылай ханға арналған үлкен ескерткіш орнатылған.Ескерткіш маңында “Абылай ханға мәңгі ризамыз ” деген жүрек жібітердей ізгі сөз жазылған.Және де халық қалаулысы,қазақ мемлекетінің қайраткері,ғалым,дана ойлы,кемеңгер басшы,тұңғыш Президентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында
дүниеге келді.Қазақ өмірінің қалыптасуына зор еңбек сіңіріп,үлес қосып,халықтың
шешімімен 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өткен кезде,. сол сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетеді.Содан бері аз-ақ жыл ішінде ел экономикасын көтеріп,кризистен алып шықты.Қазір Әлем бойынша Дамыған елдер қатарына ену үстіндеміз.Бұл қандай да бір айтарлықтай істің шыңырау шегі,нағыз ерлік деуге болады.Осындай Тәуелсіздік жолында сүрінбей,қасірет,қиыншылықты бірлікпен жеңіп шыққан қазақ халқы қайсар халық.Осындай ерлер мен қайраткерлердің ерін,туған жерін қорғағанын көрген әр ұрпақтың туған жеріне деген патриотизмі оянып,ел қадірін,жер қадірін түсінер деген ойдамын.
Алыстан мұнарланып шалқыған көл,
Бетінде күннің нұры балқыған көл.
Жарысып саф күмістей ақ көбігің,
Мәп-мәйда мөлдірінде қалқыған көл.
Сасық деп еркелетіп ат қойған көл...
От-суға иең тұрсын жат тойған көл,
Назданып жүйрік мініп, тарлан шүйіп
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл... - деп келетін Мағжанның «Туған жерім — Сасықкөл» өлеңі бастан-аяқ тұнып тұрған сурет қой. Осындай сұлулық менің туған жерімде де бар.Менің туған жерім Қазақстанның керемет дейтін қалаларның бірі -Көкшетау қаласы.Бұл жердің тарихын айтып өттім.Осындай
тарихи қалам барда неге мақтанбас қа?Мен осындай керемет шахардай елде,сарайдай қалада туып-өскенімді мақтаныш етем.Бірақ қазір тұраұтаған мекен-өлкем-Қараөзек ауылы.Қараөзек-қасиетті жерұйық.Оныңда өзіндік тарихы бар.Бұл жердің табиғаты әсем,көлі,жазық алқабы бар,ауасы таза,суы тұнық,мөлдір.
Маған осы жерімнің әр
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Көкшетау менен Қараөзектің арасы.
Қайда болсам қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді.
Туған жер -ата қоныс, атамекен,
Бауыры талай жанға болған мекен.
Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға
Қазақ елі - ұлы ел, менің өлкем.
Жері кең, сахарадай неткен көркем,
Әлемде тоғыз санын тұрақ еткен.
Шұрайлы,нулы,ғажаптанған жер қойнауы
Мен осы өз өлкемді мақтан етем!
Беу,туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр,
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай,
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып ,
Жырды шашу болды оған бір арман.
Бақыт құшса екен деп әр адамың,
Ырыс болса екен деп бар алабын.
Тілеуіңді тілеп мен жүріп келем,
Асыл мекен, туған жер — сая бағым !
Жусан иісі аңқыған көк орай бел,
Шулаған қамыстары айдынды көл.
Қызарып қырдан асып бататын күн,
Жымыңдап жұлдыздары жататын түн.
Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,
Аямай-ақ, менен ал керегіңді,
Бейбіт атқан әр таңда кезек күтіп,
Түгендеумен келемін берерімді.
Анық басып тірлікте әр ізімді,
Адалдықпен өтесем қарызымды.
Отан үшін, ел үшін ешқашанда,
Ерінбеймін ақтаудан парызымды-деп туған жеріме ыстық махаббатымды арнағым келеді.
Адамға талай жерді көрген артық,
Танысып әркімдерді білген артық.
Мысырға патша болып тұрсаңдағы,
Болмайды туып-өскен жерден артық.-деген ақын Шал Құлекеұлы ғибратты сөзі бар еді.Мұндай ғибратты
сөздерді оқығанда патриоттық сезімнің қандай болуы керек екенін,патриот болудың маңыздылығын ұғынасың.Осындай артынан сөздер қалдырған ақын,жазушы,қазақ зиялылары таусылмай,алтындай іздері
өшпесе екен дегім келеді.
Мен өз қорытындымды “Отансыз,туған жерінсіз адам - қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отаныңа, туған жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары
болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек Иә,мен біздің кең байтақ Отанымызда,әрбіріміз туған туған жерімізде тыныштық пен бейбітшілік болғанын қалаймын. Ол миллиондаған қазақстандық отбасылар үшін қажет. Мен қайғыдан шашы ағарып кеткен әзіз аналардың мырыш табыт құшақтап отырып, егіліп перзенттерін жоқтағанын, жастардың жалыны тұтанбай жатып, қанаты қиылып, мүгедек болғанын, қариялар жермен жексен болған үйлерінің орнын іздеп
шарқ ұрып, нақақтан көз жасын төккенін қаламаймын.”-деген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің сөзімен аяқтағым келіп тұр.Бұл рухты көтеріп,намысты
жігерлендіріп,әр адамның көкейіне ой түйгізердей керемет сөздерді санаға тоқыған дұрыс.Және осындай қанатты сөздер арқылы әр адам өз туған жерінің маңызы,өз туған жерінің ерекшелігі және онымен байланысын ұмытпайды деп сенемін.
Қараөзек орта мектібінің 11 а сынып оқушысы Алтынпилқызы Сандуғаш