Туған жерім
Сенен артық қасиет жоқ-ты,жер,тегі,
Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі, Тағдырыңды тапсыр маған ,туған жер,
Көркейтуге міндеттімін мен сені.
Әбу Сәрсенбаев
Туған жер... Екі-ақ ауыз сөз.Екі-ақ сөзден тұрса да бұл ұғым қандай құдіретті, қандай ардақты десеңші?! Туған жерің болмаса, сен туған топырақтың да болмайтыны анық. Ал туған топырағыңды сипаттап жеткізу үшін ешқандай теңеу таппайсың. Өйткені туған жерім, сол жерімнің бір уыс топырағына тең келер ештеңе жоқ. Тіпті жанымнан артық деуге болады.Себебі бабаларымыз ұлтарақтай жер үшін жанын берді, қанын төкті. Сол мұраны ұрпақтары қорғайтынына , ардақтайтынына сенді. Сол сенімдері бүгіндері ақталғандай. Тіпті кеше ғана ақиқаттың айнасы болған сол сенімнің айғағындай біздің батыл аға-әпкелеріміз ұлт болашағы үшін жанын пида еткен жоқ па?! Тарих парағына қанмен жазылған, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы әділетсіздікке қарсы тұра білген ұл-қыздардың
батылдығы ата-бабалар рухының жалғасы демей немене?!
Бірақ,бірақ кейде менің мұңым бар,
Көз жасыммен жазылатын жырым бар.
Ұстатты да бостандықтың байрағын
Желтоқсанда қыршын кетті ғұмырлар,-деген мұңлы шумақтар оралады ойыма.
Қазір де Отаны ойран болып, тіпті кінәсіз сәбиге дейін қанға бөгіп, босқынға айналып кеткендер қаншама. Осындай елдердің тағдырын біле отыра туған жеріңнің тыныштығын тілейсің, қазіргі шат заманға басыңды иесің, жыршылар жырын , күйшілер күйін арнады. Менің де ойыма осынау өлең шумақтары оралды:
Туған жерім-киелім,
Басымды саған иемін.
Сәбиіңдей еркелеп,
Анамдай мәңгі сүйемін.
Туған жерім-ардағым,
Кіндік қаным тамғаным.
Суыңдай мөлдір көңілім,
Тауыңдай биік арманым.
Туған жерім –тұғырым,
Сенімен шатты ғұмырым.
Топырағын сүйетін
Ардақты қыздың бірімін.
Қараөзек орта мектебінің 11 а сынып оқушысы Авдкерим Айдана