Сайыстың мақсаттары:
1.
Білімділік: Сайыскерлердің Отанымыз – Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік жылдардындағы шежіресін, ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен Тәуелсіз
Қазақстанның дамуы мен нығаюы жолындағы елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметі және саяси тұлғасы, күнделікті өмірі мен отбасылық
жағдайы туралы білімдерін тексеру.
2.
Дамытушылық: Жоғарғы сынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау,
тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.
3.
Тәрбиелік: Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін,
рәміздерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу.
Армысыздар , құрметті оқушылар,
ұстаздар, ата-аналар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!
Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз,
сондықтан бүгінгі «Тағдырым тарту еткен
Тәуелсіздік» атты сайыс сабағымызды ашық деп жариялаймыз!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді
ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер
айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында өткелі
отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар
мүшесімен таныстыру)
1. Директордың тірбие ісі жөніндегі орынбасары: Магзум А
2.Тарих пәнінің мұғалімі: Идрисова К.Т
3.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей
Сайыскерлермен
таныс болыңдар.
Дүр сілкінді
желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып ,қып-қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елімайлап».
Алаңға шығып , ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .
Қуан балам, қуанатын күн бүгін.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық ?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Сайыс төрт
бөлімнен тұрады.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз
бастаймыз
І тур. Жалпы сұрақтар
Еуразия жүрегі - Астана
1.
Ақмола
қаласы елбасы жарлығымен қай уақыттан бастап Астана деп атала бастады? 1991 жылы
6 мамырда
2.
Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат. Бәйтерек
3.
Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары
өткен Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады? Бейбітшілік
пен келісім сарайы
4.
Астана қаласының қазіргі кездегі әкімі кім? Кім?
5.
Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының
тарихына арналған кітабы қалай аталады? «Еуразия жүрегінде»
Тарихи тұлғалар
1.
Кеңес
Одағының батыры, тұңғыш Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің маршаллы Сағадат Нұрмағамбетов
2.
Тәуелсіз
еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім? Т. О. Әубәкіров
3.
Тәуелсіз
еліміздің тарихында бірінші болып әдебиетте Мемлекеттік сыйлықтың иегері болған
жазушы кім? Қалихан Ысқақ
4.
2010
жылы елімізде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы болып табылатын
қандай ұлы тұлғаның 100 жылдығы аталып өтілді?
Б. Момышұлы
5.
Қазақ
әліпбиінің реформаторы, Алаш қайраткері, ұлы жазушы, ақын кім? А. Байтұрсынов
Ата Заң
1.
Қазақстан
Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды? 1993 жылы 28 қаңтарда
2.
Қазіргі
кезедегі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды? 1995 жылы 30 тамызда
3.
Барлық
азаматтардың қатысуымен өтетін халықтың өз дауысын бере арқылы түйткілді мәселелердің
шешімін табатын сайлаудың түрі референдум
4.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?
9 бөлім, 98
бап
5.
Конституция
баптарындағы заң нормаларының сақталуын, өзге заңдардың Конституцияға қайшы
келмеуін қадағалайтын мемлекеттік орган?
Конституциялық Кеңес
Әлемдік қауымдастық
1.
2003, 2006, 2009 жылдары Астана қаласында
елбасының басшылығымен кімдердің жиылысы өтті?
Әлемдік дәстүрлі діни кофессия басшыларының съезі
2.
Елбасының беделінің арқасында еліміз 2010 жылы
қандай белді ұйымға басшылық етті ЕҚЫҰ
3.
Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі
Кеңесіне қай жылы төрағалық етті? 2011 жылы
4.
Әлем
халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қолдау және қорғау бойынша қызмет
атқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының органы ЮНЕСКО
5.
Біріккен
Ұлттар Ұйымының штабы қай қалада орналасқан Нью-Йорк
ІІІ тур. «Бәйге»
Балалық шағымның аспаны
10.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қашан, қай
жерде дүниеге келді? 1940 жылы 6 шілде,
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы
20.
Елбасы отбасында нешінші бала? Отбасының
тұңғышы
30. Елбасы
туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің режиссері кім? Рүстем
Әбдірашев
40. «Балалық
шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші,
актер, сазгер кім? Нұрлан Әлімжанов
Тұлға
10.
Елбасымыздың зайыбының есімін атаңыз. Сара
Алпысқызы
20. Елбасы
отбасында жұбайымен неше бала тәрбиелеп өсірді? үш
қыз: Дариға, Динара, Әлия
30. Елбасының
бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі
гольф
40.
Елбасының Интернет желісіндегі ресми
сайтының атауы қандай? www.akorda.kz
Зиялы елбасы
10. Нұрсұлтан Әбішұлының қандай ғылыми атағы бар? Экономика ғылымының докторы
20.
Елбасының ана тілімізге байланысты айтылған қанатты сөздерінен мысал келтіріңіз
1) Қазақстанның
болашағы — қазақ тілінде.”
2) “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы
мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас
олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
3)“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
30. Елбасының бастамасымен қазақ жастарына әлемдегі
беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін жобаның атауы қандай? Болашақ
40. Оқу-білімде үлкен жетістіктерге жеткен аса
талантты оқушыларға тағайындалатын президент атындағы сыйлықты атаңыз «Дарын» сыйлығы
IV
тур Жорға
Жалпы
сұрақтар (А нұсқасы)
1.
Елбасы
басқаратын саяси партия НұрОтан
2.
Латын
тілінен аударғанда «алдында отыратын» деген мағына беретін саяси лауазым президент
3.
ҚР
Президентінің резиденциясы қалай аталады?
Ақорда
4.
Парламенттің
жоғарғы палатасы Сенат
5.
«Жеті
Жарғы» заңдары қай ханның тұсында қабылданды?
Тәуке хан
6.
Хан,
патша, император, король басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі монархия
7.
Наурыз
мерекесін қазақтар басқаша қалай атаған?
Ұлыстың ұлы күні
8.
Ұлы
Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың
мерген қызы Ә. Молдағұлова
9.
Ең
жоғарғы ғылыми атақ академик
10. Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? Байқоңыр
(В
нұсқасы)
1.
Астана
қаласының мейрамы қай күн? 6 шілде
2.
Қазақстан
халықтары Бас Ассамблеясының басшысы кім?
Н. Ә. Назарбаев
3.
Астана
қаласындағы Гиннестер рекорды кітабына енген океанариум Думан
4.
Парламенттің
төменгі палатасы Мәжіліс
5.
Абылай
ханның шын есімі Әбілмансұр
6.
Президент
немесе парламент басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі республика
7.
«Наурыз»
сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді? Жаңа күн
8.
Ұлы
Отан соғысы жылдарында Невель қаласын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан
қазақтың пулеметші қызы М. Мәметова
9.
Гиппократ
антын кімдер қабылдайды? Дәрігерлер
10. Еліміздегі суының жартысы тұщы, жартысы ащы көл Балқаш
Әділқазылардың шешімін тыңдау. Жеңімпаздарды марапаттау