«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беруді цифрлық трансформациялау: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи талаптар»

30.12.2025

30.12.2025 күні мектебімізде «Білім беруді цифрлық трансформациялау: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи талаптар» тақырыбы бойынша оқу жылының 2-тоқсанын қорытындылауға арналған педагогикалық кеңес өтті. Жиын барысында білім ордасының алдағы жоспарлары мен басым бағыттары айқындалды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

  • Білім сапасы: 2-тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі талданып, білім сапасын арттыру жолдары талқыланды.
  • Цифрлық тәжірибе: Бастауыш сынып мұғалімдері В.А. Юрченко мен Е.Я. Смусенко өздерінің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті.
  • Олимпиада нәтижелері: Пәндік олимпиаданың екінші кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздарды келесі кезеңге дайындау мәселесі сөз болды.
  • Дайындық және мониторинг: ҰБТ және ББЖМ сынақтарының мониторингі жасалып, оқушылармен жеке жұмыс жоспары бекітілді.

Педагогикалық кеңес соңында қысқы демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және білімдегі олқылықтарды жою бойынша нақты шешімдер қабылданды.

Педагогикалық кеңес шешімі:

  • №2 педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалу барысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
  • 8 “А”, 8 “Б”, 9 “Б” сыныптарының білім сапасы “қанағаттанарлық” деп есептелсін.
  • 2-тоқсан қорытындысы бекітілсін. Білім сапасы төмен пәндер бойынша, география, информатика пәндерінен қаңтар айының соңына дейін түзету жоспарын құру тапсырылсын.
  • Аттестаттаудан өтетін мұғалімдер В.А. Юрченко мен Е.Я. Смусенконың іс-тәжірибесі мақұлдансын және мектеп деңгейінде таратылсын.
  • Мұғалімдерге сабақ барысында заманауи цифрлық платформаларды (BilimLand, Kahoot, т.б.) тұрақты пайдалану ұсынылсын.
  • Облыстық , республикалық кезеңге өткен оқушылармен дайындық жұмыстарын жүргізу үшін пән мұғалімдеріне жеке кесте бекітілсін.
  • ҰБТ және ББЖМ-ға дайындық деңгейін анықтау мақсатында өткізілген байқау сынақтарының нәтижелері есепке алынсын. Мониторинг қорытындысы бойынша «қиын» тақырыптарды қайталау жоспарын әзірлеу тапсырылсын.

 

 

Просмотров: 112


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст