Текст
Жаздың алғашқы күнімен келген мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты күндердің бірі. Баласының бақытты балалық шағы, жақсы азамат болып өсуі әр ата-ананың тілегі. Қоғам үшін де ел тұтқасын мықты ұстайтын білімді де ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат. Өйткені, бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел үміті, ұлт жалғасы.