Текст
Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата — аналар және кеш қонақтары!
Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып,
жандүниесін елжіретіп, бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті . Жолың болсын, жас түлек 2024!