Тағамынан дәм кетпеген
Тіршілікте адал еңбек етіп, өз несібесін түрлі салада алып жүрген қарапайым жандар көп. Соның ішінде жаны сүйген мамандықтан ләззат алып, оны шынайы сезіну бір бақыт. Әңгімеме арқау еткелі отырған кейіпкеріміз «Абзал» жеке кәсіпкері Қарымсақова Қыдыркүл Көшербаевна бүгінде аспаз саласында жүріп, талайды тәтті дәмдерімен тамсандырған нәзікжанды. Бүгінде ол Қараөзек ауылының жалпыға орта білім беретін мектебінің асханасында қызмет істейді. Мектебіміздің оқушыларын және «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиеленушілерін құнарлы әрі пайдалы ас мәзірімен қамтамасыз етіп келеді. Кішіпейіл, көпшіл аспазшы. Таңның атысы, күннің батысына дейін асханадан табылады. Ертемен келіп, күнделікті қоймашы, мейірбикенің белгілеп берген ас мәзірін балалар жиналғанша даярлап, таңғы, түскі, бесінді астарын уақытында таратып отырады. Оқушыларды күнделікті ыстық тамақпен қамтып, олардың алғаусыз алғысына бөленіп жүреді. Бұл да болса еңбегінің жемісі деп білеміз. Осындай еңбекқор Қарымсақова Қыдыркүл Көшербаевнаға мықты денсаулық, отбасына амандық тілеп еңбегіңіздің жемісін көріңіз демекпіз.
«Қараөзек ауылының ЖОББМ» КММ ұжымы және басшының тәрбие ісінің меігерушісі Магзум А