«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы

08.02.2024

  • Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
    Тәрбие – бұл күрделі және көп қырлы процесс, өйткені әрбір бала бірегей. Барлық балаларға лайықты азамат және қоғамның белсенді мүшесі болуға көмектесетін тәсіл табу маңызды. Қазіргі уақытта өмірдің қарқынды және жаңа технологиялардың жылдам дамуын ескере отырып, тәрбие анағұрлым күрделене түсуде, осыған байланысты оған аса назар аудару мен ерекше тәсілдерді талап етеді.
    «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын және барлық білім беру ұйымдарында ата- аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейтіндігін, олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту деп атап өткен болатын.
    Осыған орай балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Қараөзек ауылының ЖОББМ»інде «Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығы», «Даналық мектебі» клубы ашылды. Орталықта жыл бойы атқаратын жұмыс жоспары мен жұмыс тобы бекітілді.
    Қараөзек ауылының ЖОББМ тәрбие ісінің меңгерушісі : Қуандық С.
Просмотров: 258


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст