Текст
Мектебімізде 16-26 қаңтар күндері психология декадасы өтеді.
Декаданың бірінші күні16 қаңтар «Түрлі түсті күн» деп аталды, бұл күннің ұраны:
«Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!» Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, декаданың жоспарымен таныстырылды. Дүйсенбі күннің таңертеңгі жиыныңда басталды. Бұл күнге мектеп хореографы
Серікбол Ықыластың дайындауымен флешмоб, яғни топтық би ұйымдастырылды.Оқушыларға апталықтың басталғанын жариялап, ортаға нұсқаушы балалар шақырылып, апталық топтық бимен басталды. Әрине ұялып билемей
қалғандар да болды, бірақ көңілді әуен, қарапайым қимыл арқылы оқушылардың басым
көпшілігінің көңіл күйі көтерілді.