Сабақтың тақырыбы: Көңілді сайыс
Мақсаты: Оқушыларды икемділікке баулу,бос уақыттарында спортпен шұғылдануларына,қайраттылыққа, ептілікке баулу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Түрі:Сайыс сабақ
Спорт жабдықтары:доп,арқан,кедергілер,қапшық,сәбіз.
Сабақ барысы: І.Кіріспе кезең
І.Сапқа тұру
ІІ.Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
ІІІ.Ойын шарттарымен таныстыру
1 тур. « Кедергілер арасымен допты алып жүгіру»
2 тур. «Кенгуру»сайысы
3 тур. «Қапшықпен»
4 тур. «Тасбақа»сайысы
5 тур. «Асык ату »
Мұғалім:
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл.
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.
«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты,
Бәрін жеңіп шықты.
«Қырандар» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз
ІІ.Негізгі кезең
Эстафеталық ойындар
І тур. « Кедергілер арасымен допты алып жүгіру» Белгі берісімен бірінші тұрған ойыншы,алдында
тұрған кедергілер арасымен жүгіріп қайтады.
(әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
ІІ тур. «Кенгуру»сайысы (әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
ІІІ тур. «Қапшықпен» жүгіру Белгі берісімен бірінші тұрған ойыншы алдында
жатқан қапшықты киіп жүгіріп келу керек.Ойын екінші оқушыға келіп жалғасын табады. (әділқазылардың ұпайлары
Ү тур. «Тасбақа»сайысы
Белгі берісімен бірінші тұрған ойыншы тасбақаша секіру керек..Ойын екінші оқушыға келіп жалғасын табады (әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
ҮІ тур. Асык ату» асыкты шенберден шыгару керек (әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
ІІІ.Қорытындылау кезең
Мұғалім:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпаздарды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады,-демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып,марапаттау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Эстафеталық сайысқа қатысқан оқушыларды марапаттау