«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы
Аудандық білім беру бөлімінің № 7 06.01.2017ж бұйырығына сәйкес «Қараөзек орта мектебі» КММ-інде жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы мен өткізу бойынша жоспар құрылып,
педагогикалық ұжымына таныстырылды. Акция мақсаты: әлеуметтік себептерге байланысты балалардың
мектепке бармай қалуының алдын алу, мектепке қатысты шағын аудандарды аралау, табысы төмен отбасынан шыққан мектеп оқушыларына қолдау көрсету, рейдке шығу, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан
және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға спонсорлық және бюджет тарапынан бөлінген
қаражатқа киім және оқу құралдарымен қамтамасыз ету. «Мектепке жол» акциясына арнайы
ақпараттық бұрыш, және барлық әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға мұғалімдер тарапынан киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
09.01.2017 күні мектеп әкімшілігімен бірлесе айлықтың іс-шараларын талқылап жоспар бекітілді.
10.01-18.01.2017 күнге дейін шағын аудандардан 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі жасалынды. Онда барлығы 303 бала саналып 0-6 жас аралығында 125 ала, оның 40 баласы «Балбөбек » шағын орталығында тәрбиеленсе қалған 65 бала үйде тәрбиеленеді, 20 бала мектепалды даярлық тобында білім алады. 7-18 жас аралығында-175 бала , оның 20 колледжде,1 бала жоғарғы оқу орнында білім алады. Сонымен қатар 2 оқушы денсаулығына байланысты үйден оқытылады.
15.01.-30.01.2017 ж аралығында 1-11 сынып жетекшілері оқушылардың үйлерін аралап жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасы, сәтсіз жанұялы балалардың үйлерін аралап рейд жасалынды. Рейд барысында ешқандай оқыс жағдайлар болмады.
15.01.-25.01.2017 ж «Қайырымдылық марафоны» ұйымдастырылып, оқушылап арасында менің өмірім тақырыбында сурет сайыстары, мәнерлеп оқу сайыстары ұйымдастырылды.
21.01.-03.02.2017 ж түнгі уақытта үйінен тыс жерлердегі балаларды анықтау мақсатында рейд жасалынды. Рейд уақытында ешқандай қолайсыз жағдайлар орын алмады.
18.01.2017 ж 5-9 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдердің құқығы» тақырыбында әңгіме өткізілді.
21.01.2017 ж ата-аналарға арналған «Жаппай біліммен қамту» мәселесі бойынша отырыс болды. Онда мектеп әлеуметтік педагогы ата-аналар арасында сауалнамалар жүргізді.
19.01.-24.01.2017 ж мектеп кітапханашысы Жунусова Р. К оқушылардың оқулықтарын тексеру рейдін өткізді.
23.01-28.01.2017 ж жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануын анықтау мақсатында сынып жетекшілері оқушылар арасында сауалнамалар өткізді.
08.02.17. ж директордың жанындағы кеңесте «Қамқорлық» қайырымдылық акцияның қорытындысы талқыланды.
10.02.2017 ж. айлық нәтижелерін талдап қорытынды ақпаратты аудандық біліи бөліміне жіберілді.