Тақырыбы: «Дос және достық».
Мақсаты:
Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру.
Балалар табиғат аясында өздерінің достары туралы айтып, олардың нені жақсы көретіні туралы, бос уақытында немен айналысатыны туралы, қандай түстерді жақсы көретіні туралы әңгімелеп берді.
Сондай-ақ бір біріне сұрақтар қойып, жағдаяттардан шығу, мақал мәтелдер сайысы, «Ойлан тап» ойыны, «Досым саған арнаймын» ақын жазушылардың өлеңдерінен үзінді орындады. Сабақ қызықтыда, тартымды өтті.
Өткізілген сабақтар соңында балармен кері байланыс жасалынып отырды. Оқушылар әр
сабақтарға белсене қатысып ғана қоймай, бір біріне көмектесіп, бір бірін сыйлауға, адамгершілікке, татулыққа, кішіпейілділікке шақыра білді. Сонымен қатар оқушыларға жақсы қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен, алғыс сөздер айтылды. Болашақта балаларымыз жан-жақты, білімді азаматтар болатынына сенім мол!!!