«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Джунгли шақырады» ойыны

22.06.2017

Сабақтың тақырыбы: «Джунгли шақырады» ойыны

Сабақтың мақсаты: 

Халық ауыз әдебиетінің түрлері жұмбақтар және мақал- мәтелдер туралы оқушылардың білімін кеңейту,ойын ойната отырып естерінде қайта жаңғырту.

Оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс атқара білуге, бір-біріне көмектесуге, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: аңдардың суреттері, жеміс- жидектердің суреті, жыртқыштардың азығы, т.б.

Қажетті құрал- жабдықтар: тақтайша, сиқырлы таяқша.

Сабақтың түрі: ойын

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! Бүгін біз «Руханият» үйірмесі мүшелері арасында «Джунгли шақырады» ойынын өткізгелі отырмыз. Олай болса, алдымен барлығымыз «Шаттық шеңберіне» жиналайық.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл-күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр. Кәнеки, өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, Махаббат періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны» бір-бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық. Осы

таяқшаның көмегімен біз Джунглидегі жыртқыштар мен сүтқоректілерге айналамыз. (балалардың бастарында өзі бейнелейтін аң суреті жапсырылған) Балалар, мен өзімнің тілегімді бірінші айтайыншы:

Бақыт, шаттық тілеймін,

Ертемен барлық балаға.

Ал енді мен Айбекке «сиқырлы таяқшаны» берейін. Айбек, айта қойшы, сен достарыңа не тілегің келеді? (балалар

бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады)

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Жарайсыңдар, балалар! Енді, достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта

қойыңдаршы? (Балалардың жауаптары.)

Рақмет! Біз сондай жақсы сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік! Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар.

Мұғалім:

Келіңдер! Көріңдер!

Тек ынта бөліңдер!

Ширығып, шынығып,

Шығам деп сеніңдер!

Әр ойында көңіліміз хош

Кеудемізде от,

Лаулап жалын боп,

Ұтылмаймыз, жеңеміз, бәріміз,

Джунглиге барамыз! Бүгін Джунглиге кімдер барады екен таныс болайық! (әр оқушы өзі сомдайтын аң туралы жұмбақ жасыру арқылы таныстырады)

1.Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе ұйқыға бір тоймайды. (мысық)

2.Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп,

Жоғары өрлеп кетеді. (тиын)

3.Бірі ұзын, бірі қысқа,

Қорқақ өзі, қыли көзі. (қоян)

4.Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар.(жолбарыс)

5.Айбарлы сұсы бар,

Қанжардай тісі бар.

Тұла бойында

Тасыған күші бар.

Күжірейген жалды,

Білсең айт бұл аңды? (арыстан)

6.Қырда жүрер ол жортып,

Іні де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын? (түлкі)

Жарайсыңдар балалар, енді топқа

бөлінейік. Сүтқоректілер мен жыртқыштар тобы (сүтқоректілер мен жыртқыштар туралы

мағлұмат беру арқылы оқушылар топтарға өздері бөлінеді)

1.ойын. «Батпақ»

Балалар, барлығымыз көзімізді жұмамыз.Біздер тропикалық орманда жүрміз деп елестетейік. Айналамызда пальмалар өсіп, бамбуктер шулайды, ағаш үстінде маймылдар секіріп жүр, белгісіз құстардың

дауысы естіледі. Ал біздер ұзақ серуеннен кейін батпаққа кезіктік.Батпақ- бұл егер әр қадамыңды ойланып баспасаң батып кететін жер. Қазір осынау қорқынышты жерден қалай өтер екенсіңдер, соны байқаймыз. Ал, батпақтан өтуге бізге мына тақтайшалар көмектеседі. Әуелі қос аяғымызбен бірінші тақтайға тұрып аламыз

содан соң әр топ осы тақтайшаның үстінде тұрып өздері қалаған әндерін шырқап берулері қажет. (әр ойыннан соң балаларға топтарына байланысты сүйек және жемістер таратылып отырады)

2.ойын. «Ғажайып жұмбақтар»

Джунглидегі батпақтарда қолтырауындар толып жүреді екен.Қазір сендерге сол қолтырауындар ғажайып жұмбақтар жасырады. Сол жұмбақтардың жауабын тауып көрейік.

Алға жайып тұз-дәмiн,

Келтiредi үй сәнiн.

Ол халқымның ақ жаны,

Жақсы дәстүр маржаны,

Кеңпейiл де арайлы,

Осы жерден тарайды.   (Дастархан)

Күрең қызыл түсi бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күшi бар.   (Таба нан)

Ұрмай-соқпай жылатады,

Әркiм бiрақ ұнатады.    (Пияз)

Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. (Мысық)

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)

Күндіз соқыр не деген?

Түнде қалай көреген? (Үкі)

Білесін мекен даласын,

Бірден тауып аласың,

Салыр алып дорбаға,

Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)

Жер бетінде жатқан арқан,

Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)

Қара арғымақ мінгенім, 

Қыр айнала жүргенім. 

Сегіз найза сенгенім, 

Он екі қылыш ілгенім. (Бүркіт)

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті

Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елде іздейді,

Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Орманда жоғары

Ғашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)

Орманда сайрайды,

Сайраудан талмайды (Бұлбұл)

Бір топ жынғыл ішінде,

Бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл)

Ай астында ақ мамық

Жатыр суды жастанып (Аққу)

Туа сала мұрт өсірген мырза,

Пеш түбінде жатқанына ырза.  (Мысық)

Үстінен тоны түспеген,

Сонда да араз қыспенен.  (Аю)

Жұмыр тасты төрт аяқ

Көтеріп тұр, көп таяп.   (Тасбақа)

3. ойын. «Бақалар»

Қандай батпақ бақасыз болады? Сондықтан келесі сайысымыз «Бақалар» деп аталады. Балалар жүресінен отырып, қолдарын тізелеріне қояды. Белгі бойынша секіруді бастап шеңберді айналып шығады. Бақаларға ұқсап секіруді бастаймыз!

4. ойын. «Маймылдар»

Жарайсыңдар балалар, жақсы секіреді екенсіңдер. Ал енді джунглиде міндетті түрде маймылдар болатынын білеміз. Олай болса, келесі сайысымыз «Маймылдар» деп аталады.Тақтада маймыл екі топқа банан ұсынады Бананның артында сөз жасырылған, сол сөзге байланысты мақал-мәтел айтуларың керек. Тақырып: Білім және еңбек.

5. ойын. «Азығыңды тап»

Балалар, біз Джунглиде жүріп ашығып қалмауымыз керек. Ендігі кезекте азығымызды табамыз. Ол үшін мына жатқан

азықтардың ішінен әрқайсысың өздеріңнің азықтарыңды жинайсыңдар.

Жарайсыңдар балалар, Джунглиде тапқан азықтарыңмен, жинаған жемістерің өте көп болды. Олай болса саяхатымызды аяқтап, «жүректен жүрекке» шеңберіне қайтып оралайық. Барлығымыз қол ұстасып, бір-бірімізге күлімдей қарап, өз қуанышымызды мынадай сөздермен білдірейік.

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің

көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.

Рақмет, балалар! Сау болыңдар!

 

 

Просмотров: 429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст