«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әрбір шәкірт- бір жұлдыз» тақырыбында өтетін «Екі жұлдыз» ән байқауы

26.06.2017

Тақырыбы: «Әрбір шәкірт- бір жұлдыз» тақырыбында өтетін «Екі жұлдыз» ән байқауы

Мақсаты: 

Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, оқушы, тәрбиеші арасында тығыз байланыс орнату.

Міндеті: 

Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік - рухани бағытта тәрбиелеу.

Байқаудың талаптары: Байқауға қатысушы жұп бір оқушы мен бір тәрбиеші немесе ата-анадан тұруы керек; Әр жұп көріністелген ән орындау керек;

Байқаудың бағалау негіздері

Бағалау

өлшемдері

№1

№2

№3

№4

№5

№6

1

Сырт

келбеті, киім кию үлгісі

 

 

 

 

 

 

2

Актерлік

шеберлігі

 

 

 

 

 

 

3

Әнді

орындау шеберлігі

 

 

 

 

 

 

4

Қорытынды

баға

 

 

 

 

 

 

(Фанфар ойналады,жүргізушілер ортаға шығады

 І жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті ән сүйер қауым!

ІІ жүргізуші: Кеш жарық «Екі жұлдыз» байқауын тамашалауға келген көрермен!

1-жүргізуші: Біз бүгінгі сайыста ата-аналармен,тәрбиешілермен балалардың жұптасып  ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық,олай болса шын

жүйрікті бірге анықтайық.

2-жүргізуші: «…Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Барша «Мирас» қауымын

Әнімен залға сыйғызған- «Екі жұлдыз» байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық!

 (Музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)

2-жүргізуші:Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ,бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ

қазылар алқасымен таныстырып өтсек

1. Лагерь басшысы: Бабай Аманжол

2.Ата-ана Мотекей Сайран                                              

3. Оқу ісінің меңгерушісі. Тилеухан Светлана

1-жүргізуші: Орындаушы жұптармен таныс болсақ,біз алғашқы жұпты шақырғанша байқауға

қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.

2-жүргізуші:  Бүгінгі екі жұлдыз ән байқауының алғашқы жұбын таныстырып өтейін .

Алғырлығымен балаларды үйіре білген, қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген Таштуан Айдын  әнге жаны құмар әсем де Багзи Мәдине «Балдәурен» әнімен қарсы алайық!

 «Балдәурен» әні

 1– жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы жаңа ғана өздеріңіз алғашқы жұбымыздың өнерін тамашаладыңыздар. Сөз кезегі сіздерде, айтар пікірлеріңіз қандай?

(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)

2– жүргізуші: Салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп  жүретін  оқушысы Серікбол Айдын  мен  өнебойы келбетіне сай түскен Мақсатқызы Жайнар «Бір үйдің баласындай»  әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.

 1–жүргізуші: Әнді керемет орындап шыққан сияқты, бірақ оны әділқазылар қалай бағалар екен. Сөз кезегі әділқазылар алқасы сіздерде.

(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)

2– жүргізуші:  Қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап  жүретін,сүйкімді де инабатты Жанасқызы Жұлдыз бен Алкенов Аян қарсалайық           

1–жүргізуші: Ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ,  асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, иман жүзді, ниеті ізгі Мақсатұлы Мұхамет пен  мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, достарымның сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Улатай Мерер  «Hallelujah» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық. 

 (Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан) 

1- жүргізуші: Айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын, өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, қоғамдық істерге талпынған,   айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы Таштуан Айдын мен  ісіне

сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне тәрбиешілердің  көңілі тоқ  Теңелген Аружан

1-жүргізуші:  Осымен қатысып отырған 6 жұбымыз таңдаған әндерін орындап шықты. Келесі кезек әділ –

қазылар мен құрметті көрермен қауым, ендігі дауыс беру құқығы өздеріңізде. 6 жұпқа арналған жәшікке  таратылған қағаздармен өздеріңіз қалаған жұпқа дауыс беріңіздер. .Әділқазылар дайын болғанша оқушылардың өнерін тамашалайық. Алдарыңызда «Жас қалам»» әні Орындайтын Ұлдар квартеті.             

2 – Жүргізуші: Әділқазылар қорытындылап,көрермендер өз дауыстарын беріп болса бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.Марапаттау кезеңі                

1- Жүргізуші:

Достық жасасыншы мәңгілік

Достықты жүрейік тек ән қылып

Татулық пен достық біздің Отанды

Жарастырсын бейбітшілік сән құрып

2-жүргізуші:Осымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауы өз мәресіне жеті,келесі кездескенше қош сау болыңыздар!Құрметті қатысушылар «Екі жұлдыз» гимнін бәріміз бірге шырқайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 428


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст