«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының
бірінші жарты жылдықта атқарған жұмысы
Қараөзек орта мектебінде қыркүйек айында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметі
ұйымдастырылып жұмыс жоспары бекітілді. Оның
мақсаты: Мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік
құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына, сыбайлас
жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке тәрбиелеу
мақсатында «Парасатты азамат» бұрышы жасалды.
Ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға, оның
ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының ролін
көрсету жолдары айтылды.
Оқушылармен «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы өткізілді.Мақсаты: «Сыбайлас
жемқорлық-қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімінкетіру» пікірін негіздеу.
Қазан айында«Қазақстан-құқықтық мемлекет» айлығы өткізілді. Онда Еліміздің сайлау
қағидаттарына сәйкес «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік – рөлдік ойыны,
«Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» мемлекеттік қызмет ардагерлері,мемлекеттік қызметшілермен кездесу , «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет»дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек
үстел барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің
елімізде құқықтық мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктерін талқылау мәселелері қаралды.
Қараша айында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі идеясы-Мәңгілік Ел идеологиясының «түпқазық» жалпы азаматтық
құндылықтарын кеңінен насихаттау. Бұл баршаның заң алдындағы теңдігі,еңбексүйгіштік, адалдық.
Желтоқсан айында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттің «сервистік алаң» екендігін көрсету. Бұл жағдайда негізгі идея мемлекеттік аппарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық спектірін жоғары деңгейде толық және уақытылы көрсетілуін күтуге құқылы салық
төлеушілер арқылы қамтылады деген түсінік болуы тиіс.
Әрі қарай «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы жоспар бойынша атқарылып алға қойылған мақсаттар орындалуда.