Текст
Оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз ету-бүгінгі күннің талабы.
Қараөзек орта мектебінде де бұл игілікті іс өз шешімін тапқан. Мухамадиева Рысты Рамазанқызы
асхана жұмысын 2017 жылдың наурыз айынан бастап жандандыра түсті. ЖК «Ахметжан» мектеп асханасын қажетті
азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрады. Оқушылардың күнделікті ас мәзірінде еттен жасалған тағамдар, көкеніс салаттары, жеміс-жидектен жасалған сусындар тұрақты орын алған. Сондай-ақ самса, бәліш сияқты тағамдарды балалардың сүйікті асы деуге болады.
Қорыта айтқанда мектебімізде оқушыларды ыстық аспен қамту бір ізге салынып, дұрыс жолға қойылған.