«Білгірлер
бәйгесі»
(Сыныптан тыс сағат)
Сабақтың тақырыбы: Білгірлер бәйгесі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімділіктері мен
білімдері арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, шапшаңдық пен ойлау қабілеттерін
шыңдау.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді.Сайысқа әр сыныптан 2 оқушы қатысады.
Сайыстыңтүрлері:
І. «Білімді мыңды жығады» (Сұрақ-жауап , әр топқа 20 сұрақтан)
ІІ. «Білгенге маржан»
6 «Б» сынып М.Мақатаев ,
7«Б» сынып Жақсылық Үшкемпіров өмір жолы, диалог)
III. «Кім көп біледі?»( сөздерді
мағынасына қарай сәйкестендір)
ІV. «Мақал сөздің мәйегі»
V.« Жүзден жүйрік» ( суреттерден шағын әңгіме құрау)
VІ. «Жалғасын тап»
Әңгімені әрі қарай жалғастыру, мағыналы, тиянақты ой болу керек.)
VІІ. «Өлең – сөздің патшасы» ( топ басшылар сайысы,өлеңді мәнерлеп айту).
Бүгінгі қатысушыларды ортаға
шақырайық.Өздеріңді таныстырып өтіңдер.
Білгірлер бәйгесінде шаттанайық!
Білімді өрендерге тамсанайық!
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейін)
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Сұрақтарды шешпесең,
Өте алмайсың бөгеттен.
Келесі кезекте I. «Білімді мыңды жығады»
(сұрақ-жауап)
6«Б»сынып
1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
2.Абайдың шын аты? (Ибрахим)
3.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы)
5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден)
6. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата. ( бастауыш, баяндауыш)
7. «Дос» деген сөзді тәуелде.
8.Қыста ауа-райы қандай болады?
9.Буынның неше түрі бар? ( Ашық, тұйық, бітеу)
10.Қазақтың ұлттық киімдері мен әшекейлері.( көйлек, бешпент,кимешек,сәукеле,
алқа ,сақина, білезік, сырға)
11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)
12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлерін
ата. (Ертегілер,жұмбақтар,
жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер)
13. «Мәңгілік өмірді» іздеген кім? ( Қорқыт
ата)
14. Қазақ елінің астаналарын ата.
15.Бір жылда неше күн бар? (365)
16.Дос қандай болу керек? ( Адал, жанашыр, жомарт,қарапайым,сенімді,сабырлы,
адамгершілігі мол, мейірімді, төзімді)
17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)
18.Етістіктің неше шақтары бар, атаңдар? ( өткен шақ, келер шақ, осы шақ)
19.Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(сапалық сын есім,қатыстық сын есім)
20.Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? ( 12)
7 «Б» сынып
1. –ның-нің – жалғаулары қандай септіктіктің жалғауы (Ілік септік)
2. Көмекші есімдерді ата. ( іші,сырты, қасы, маңайы, жаны, қасы)
3.Мағжан Жұмабаев нешінші жылы қай жерде туды? (1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы
Сасықкөл деген жерде)
4.Сөз таптарын атап беріңдер (зат есім, сан есім, сын есім, есімдік, етістік,
үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөз)
5.Әдемі сөзінің синонимі ( сұлу, көркем )
6.Абай атамыздың 5 дұшпаны (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ).
7.Эвфемизмдер дегеніміз не?Мысал
келтір.( Дөрекі сөздерді басқа сөзбен ауыстырып, сыпайылап жеткізу.Мысалы: туды- дүниеге келді, саңырау- құлағының
мүкісі бар).
8.Фонетика нені зерттейді? (сөз құрамын, сөз таптары)
9. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)
10.Сын есімнің шырайларын ата. ( Салыстырмалы, күшейтпелі).
11. «Өлең – сөздің патшасы» өлеңінің авторы кім? ( Абай Құнанбаев)
12. Абай Құнанбаевтың уақытты бос өткізбеуге, өмір өтіп , қайта келмейді деген өлеңін атаңыз. ( Сағаттың шықылдағы – емес ермек).
13. Ғаламдық экология мәселелері. ( Озон қабатының жұқаруы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы, судың тартылуы, итбалықтардың қырылуы).
14.Отырар қаласы туралы не білесің?
15. Ұлы Жібек жолы Қазақ жерімен өтті ме?
16. «Айша бибі» кесенесі қай қалада?
17. Қазақстанның қандай атақты спортшыларын білесің?
18. Барыс септігінің жалғауларын ата. ( - ға,-ге-қа- ке)
19. Еркін киімге қандай киімнің түрі жатады?
20. Етістік дегеніміз не?
ІІ.«Білгенге маржан»
6 «Б» сынып М.Мақатаев ,
7 «Б» сынып Жақсылық Үшкемпіров өмір жолы, диалог)
III. «Кім көп
біледі?»( сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір)
ІV. Мақал-мәтел көп білу,
Қызықты ғой балалар,
Мақал-мәтел көп білу,
Пайдалы ғой балалар. Келесі кезекте «Мақал
сөздің мәйегі».
V. Шақырамыз топ мүшесін ортаға,
Қол соғады көрермендер таңдана,
Сайыскер өнеріңді ортаға сал.
Осы кеште біліміңді бір сына.
Келесі кезекте « Жүзден жүйрік»
( суреттерден шағын әңгіме құрау)
VІ. «Жалғасын тап»
«Әңгімені әрі қарай жалғастыру,
мағыналы, тиянақты ой болу керек.)
VІІ.Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.Келесі кезекте
«Өлең– сөздің патшасы» ( топ басшылары мәнерлеп өлеңді айтып берулері керек.)
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!- деп бүгінгі білім
сайысын қорытындылау үшін қазылар алқасына сөз берейік.
Ұпайларды есептеп болғанша, кезекті әсем әнге берейік. (Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды)
Білімді боп бүгін біз,
Биіктерге самғайық.
Өнерлі боп әрқашан
Жеңістерден қалмайық- құрметті қатысушылар сіздерге
рахмет.Биіктерден көріне беріңіздер!Көрермендер келесі кездескенше сау- саламат
болыңыздар!