«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мәңгілік ел- мәртебелі тіл"

29.01.2018

Мәңгілік

ел- мәртебелі тіл

Мақсаты:

Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам

өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ

тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге

ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау

арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе

білуге үйрету.

І жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқушылар!

І жүргізуші:

 Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап,

дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі,

сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық

мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.

ІІ жүргізуші:

Қазақ

тілі – өміріңде, өлеңде,

Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.

Қазақ тілі болашаққа жетелеп,

Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін

көтерер сендерсіңдер, құрметті достарым! Осыған орай «Мәңгілік ел – мәртебелі

тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жабылуына қош келдіңіздер.

I жүргізуші: Бастауыш сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

1)3«Б»сынып оқушылары «Қазыбек бидің сөзі»

 

II. жүргізуші:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

I.жүргізуші:  Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындапотырмаймыз ба?

  I жүргізуші:   Ия,Қазағымның ән-жырына не жетсін, Жүректерді одан әрі  тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға

2) «Қазақ елі осындай » әнімен

7 «Б» сынып оқушыларын  ортаға   шақырамыз.

 I I жүргізуші:

  Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

 Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. – деп ақын Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті өлең жолдарына береміз.

6«А» сынып оқушысы Хайымхан Бейбарыс  «Өз шығармашылығы»,

 3)«Туған жерге тағзым».

  II жүргізуші:

Жүзімізге

қараңыз,

Бал-бұл

жанған баламыз.

Бізге

қымбат күн шуақ,

Бізге

қымбат анамыз дей келе ,- сөз кезегін 1 «Б» сынып оқушысына береміз.

4) «Бауырсақ» ертегісі.

I жүргізуші:

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев

жырлағандай, Абай есімін естігенде есімізге не түседі? Әрине , қарасөздері мен

мағыналы терең өлеңдері.

5)Келесі кезекті Абайдың қарасөздері мен өлеңдеріне  берейік. Ортаға

10 «Б» сынып оқушыларын және 6 «Б»-сынып оқушыларын шақырамыз.

( Вика ,Балжан)

II жүргізуші

Өнердің түр – түрі бар, бұл ғаламда,

Ән салады әншілер, қыр - далада.
Бишілер мың бұралып билегенде

Тебіренер сілкініп, жер - ана да.
6)Мың бұралған бишілерді ортаға шақырайық.

6 «А» сынып оқушылары «Қазақ биі» (Аружан,Айша,Балжан,Меруерт)

  I жүргізуші:

Ия, тіл,отан  туралы қалам тербемеген бірде -бір ақын-жазушы

жоқта шығар. Сондықтан осындай әдемі өлең шумақтарын тарту етейік.

Ортаға тіл туралы өлеңдермен 8,9,10-сынып оқушыларын шақырамыз.

(8-сынып:Айнура,Лена,Алмаз,Юля,9-сынып: Люба10-сынып: Диас)

II жүргізуші:  

Әнсіз мына өмірдің несі көктем,

Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән

десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын  әсем әннің

куәсі бола отырайық!

8)Юрченко Юлианна мен

Московая Анастасия   «Көзімнің қарасы»

  I жүргізуші:

Радлов ресейлік шығыс зерттеушісі/.

Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап

беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. –деген.

  II жүргізуші:

Сондықтан туған тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғау,

туған тілімізде сөйлеу – басты міндетіміз.

9)Сөз кезегін 5 «Б», 6 «Б» сынып оқушыларына берейік. ( диалог )

  Iжүргізуші: Қазақ халқымыз «Жетім көрсең, жебей жүр деген»

10)Келесі кезекте монолог Сайм Гүлдана «Жетімнің сөзі »

 IIжүргізуші:

 Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда,

Басады ол деміңді шаршағанда.

Қасиеттің киелісі - өнер деген,

Сыйлайды ол рахатын, барша жанға.

11)Ортаға 5 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.

  Iжүргізуші:   «Асыл сөздің анасы –мақал»-деген.Келесі

кезекті мақал- мәтелдерге    берейік.

  12) 6 «Б»сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

  I I жүргізуші:

  Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату болып ,халқымыз әрқашан да,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Отанымызды,туған жерімізді,туған

анамыздай сүйейік те, құрметтейік.

  13)9 «Б» сынып оқушысы Покуса

Олеся «Қазақстан тәуелсіз мемлекет»   10 «Б» сынып оқушысы Покуса Любовь «Ана»

  I жүргізуші: Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,

Ана тілін білмеу

қандай заңдылық!

Өсер балаң , байтақ

далаң тұрғанда.

 Қазақ тілі жасау керек мәңгілік

Ортаға:

14)6 «А» сынып

оқушыларын шақырамыз.

( Наурызбай, Айша,Балжан,Аружан)

 

II жүргізуші:

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға

ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының

қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

  Iжүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

  II жүргізуші:

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым

Аманат, саған, аманат.

  Iжүргізуші:

Құрметті көрермендер!Тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

Келесі кездескеше аман болыңыздар!

  II жүргізуші:

15)Бауэр Кристина

«Мен қазақ » әнін орындайды.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 681


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст