«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әлемді мейірімділікпен ашайық» атты акциясы

31.01.2018

Балдәурен республикалық оқу –сауықтыру орталығының 2018 жылға арналған

жоспар кестесіне сәйкес  9-28 қаңтар күндері балалар үйінің аз қамтылған және қолайсыз отбасылардың балалары, оқу озаттары, олимпиада жеңімпаздары, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздарына арналған «Әлемді мейірімділікпен ашайық» акциясы өткізілді.

Бұл акцияға  мектебімізден 5 оқушы демалып келді.

Олар: Кәбіш Құдайберген-7 а сынып оқушысы , Анарбек Бақытгул-5 а сынып оқушысы,  Эмгрунт Мария-7 б сынып оқушысы, Зима Сергей-6 Б сынып оқушысы, Грефенштейн Оксана-9 б сынып оқушысы.

Балаларымыз «Балдаурен» республикалық оқыту- сауықтыру орталығында  болған кездегі алған әсерлері өте жоғары

екен, орталықта өздерін жақсы сезінгенін, тек оқып ғана қоймай, денсаулықтарын  жақсартқаны жөнінде мақтанышпен айтып берді. Аталған мерзімде көптеген іс –шаралар өткізілгенін, оларға белсене қатысқаны, табиғат

аясында серуендері туралы  тебіреніспен әңгімеледі.  ««Балдаурен» оқыту- сауықтыру орталығының  ұжымына,

тәлімгерлерге  алғысымыз шексіз»- дейді оқушылар.

 «Балдаурен» республикалық оқыту- сауықтыру орталығында «Әлемді мейірімділікпен ашайық» атты  акцияға қатысуға жолдама берген  Аудандық білім бөлімінің  әдіскері Каскеева Шынар Кайырбекқызына, «Қараөзек

орта мектебі» КММ-нің  директоры Даирова Калимаш Егинбайқызына зор алғыс айтамыз.

Мұндай акциялар тұрақты өтіп тұрса, оқушыларымыз барып, оқу сауықтыру орталығында демалып тұрса ерекше әсер алатынын сезіндік. Әсем табиғатымен сөз тартар Бурабайда орналасқан «Балдаурен» оқыту-

сауықтыру орталығында болып демалу әр оқушының арманы.

 

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст