«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Республика ерікті ел- Қазақстан!»

01.11.2022

«Республика ерікті ел- Қазақстан!»

Республика күні – ұлттық мереке. Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн . 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл декларация ел тәуелсіздігінің іргетасы болды. Өзінің жеке шекарасы  мен діні, тілі, азаматтығы мен жеке бюджеті бар дербес елге айналды.

         Биыл  еліміздің барлық аймақтарында 13 жылдан кейін қайта тойлана бастаған Республика күніне де  Қараөзек ЖОББМ-нің ұстаздары мен оқушылары да белсене ат салысты. Мектеп қабырғасында «Менің елім-Қазақстан» атты жаппай сынып сағаттары өткізілсе, «Менің Отаным-менің Қазақстаным» оқушылар мен ұстаздар арасында видео мәнерлеп оқу және ерекше құттықтау   челленджі жүгізілді. Сонымен қоса , мерекеге орай волейболдан  жарыс ұйымдастырылды. Ауданда Республика күніне орай өткізілген мерекелік концертке мектебіміздің атынан «Жас қанат» домбырашылар үйірмесінің оқушылары қатысып келді.  Барлық іс-шара жоғарғы деңгейде өткізілді.

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Республика  күні құтты болсын!

Просмотров: 540


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст