Текст
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып елін, жерін сүюге, сонымен қатар Отанымызбен мақтана алатынымызды ұғындыру мақсатында 5-6 "А" сынып оқушыларымен " Менің Отаным-Қазақстан" тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында жасанды интеллект қолдану арқылы жасалған қызықты тапсырмаларды оқушылар өте ыждаһаттылықпен орындап, сабаққа белсене ат салысты.