«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025-2026 оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңес

28.08.2025

28.08.2025 жылы  2025-2026 оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңес Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола облысы өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығының мектеп бөлімінің меңгерушісі Сейпиева Салтанат Маратовна, Бұланды аудандық білім бөлімінің әдіскері Каскеева Шынар Кайырбековнаның қатысуымен өтті. Тақырыбы: «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» болды. Күн тәртібінде келесі негізгі мәселелер қарастырылды: 1. Жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі бағыттары. 2. 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспарын бекіту. 3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы. 
ШЕШІМІ:
 «2025-2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатты басшылыққа алсын;
 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етсін;
 білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларын бекіту;
 білім беру процесінде жасанды интеллекті технологияларын қолдануды қамтамасыз ету, ЖИ-ды қолданудың этикалық нормалар мен стандарттарын сақталуын реттейтін мектепішілік құжатты әзірлеп, бекіту.
 білім беру процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдансын;
 мектеп әкімшілігінің міндеті мектептің негізгі міндеттері: білім беру сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту, білім алушылардың оқу жетістіктерін жақсарту болып белгіленсін.
 мектептің 202-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бекітілсін;
 мектептің оқу жұмыс жоспары, оқу жүктемесі (тарификация), сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңестің жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік кеңестің жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары, педагогтердің біліктілігін арттыру жоспары және т. б. бекітілсін.
 жауапты тұлғалар бекітілген жоспарлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
 мектеп әкімшілігінің қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлесін;
 директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары нұсқау өткізу, өртке қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін және бейнебақылау жүйесін тұрақты тексеруді қоса алғанда, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
 директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары және медицина қызметкері (келісім бойынша) мектепте санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етсін;
 медицина қызметкері (келісім бойынша) азық-түлік сапасын бақылауды және тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз етсін;
 мектеп қызметкерлері үшін Ішкі тәртіп ережелері және мектептің жұмыс кестесі бекітілсін.

Просмотров: 149


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст