Текст
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 4-6 мамыр аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өткізілді.Бұл олимпиадаға Қараөзек ауылының ЖОББМ-нің 5 сынып оқушысы Улатай Ислам ағылшын тілі пәнінен қатысып,жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Қуандық С