Текст
Қараөзек ауылдық округінің көмекшісі 10-11 сынып оқушылары арасында Skills Enbek платформасында онлайн форматта кәсіптік оқыту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауылдық округ көмекшісі мектеп оқушыларын цифрлық платформаның мүмкіндіктерімен таныстырды.
Платформадағы тегін курстарға ерекше көңіл бөлінді. Курсты сәтті аяқтап, 70% шекті деңгеймен тестілеуден өткен студенттер электронды еңбек биржасында түйіндемесінде автоматты түрде көрсетілетін сертификатқа ие болды. Оқушыларға кез келген уақытта және кез келген жерде оқуға мүмкіндік беретін «Еңбек» мобильді қосымшасы туралы ақпарат берілді.