Текст
21 сәуір күні «Қараөзек ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2 «Б» сыныбында «Кітап – сарқылмас білім бұлағы» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын көрсету.
Оқушылар белсене қатысып, жұмбақтарды тауып, ойын ойнап, шығармашылық тапсырмалар орындады. Сынып сағатының соңында кітап тілімізді дамытады, ойын жеткізе білуге үйретеді, ой-өрісін дамытады, ұрпақты біріктіреді деген қорытынды жасалды.