Текст
Қараөзек орта мектебінде 12.04.2021 оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Мақсаты: оқушылардың зерттеу қызығушылықтарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін оқыту. 2 "А" сынып оқушысы Нағашыбай Заңғар "Қазіргі заманауи бала ойыншығы", 6 "А" сынып оқушылары Багзий Мадине "Қазақ тіліндегі сан есімге қатысты фразеологизмдер", Мақсатқызы Жайнар "Қайыңның пайдасы мен ерекшеліктері" тақырыптарында жобаларын қорғап, жүлделі орындарға ие болды.