Текст
15.03. "Қараөзек ауылының ЖОББМ"КММ -нің оқушылары игі іс жасап, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл шара мұқтаж жандарға көмек көрсету және оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында өтті.
Қайырымдылық – адамгершіліктің ең жоғарғы белгісі. Осындай шаралар арқылы оқушылар мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын түсініп, қоғамға пайдалы іс жасауға дағдыланады.