Текст
Өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қара жорға» биін үйрету және орындау шарасы өтті. Бұл шара оқушылардың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттырып, оларды ұлттық өнерге баулу үшін ұйымдастырылды.
Оқушылар биді ықыласпен орындап, оның мағынасын түсінуге тырысты.
Осындай ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.