Текст
Наурыздың 11-13-і күндері "Мәшһүр-Жүсіп оқулары" байқауының облыстық кезеңі өтті. 9-сынып оқушысы Нагашбайұлы Нұрберген "Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген" бағыты бойынша қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды. Шәкіртімізге республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! Нұрберген, алар асуларың көп болсын, биіктерден көріне бер!