Текст
10.02.25 күні мектебімізде Көкшетау қаласының құрметті азаматы, танымал айтыскер-ақын, тарихи өлкетану мұражайының директоры, Қазақстан жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Құдайберлі Мырзабек Рақымбекұлының 60 жас мерей тойының құрметіне арналған "Көкшенің көк тұйғыны 60 жаста" атты жас қаламгерлердің жыр мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға мерей тойдың иесі Құдайберлі Мырзабек және Бұланды ауданы мәдениет үйінің директоры Кенжегалиев А.Ж қатысты. Өз шығармаларымен қатысқан 13 оқушы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мүшәйраны ұйымдастырған "Қауырсын" жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Хавылхан Елеш.