Текст
24.10 күні мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 5-сынып оқушылары арасында «Білімді мыңды жығар» атты зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың негізгі пәндерден 1-тоқсан бойынша білімдерін пысықтау және бекіту; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Оқушылар өз білімдерін көрсете білді және өте белсенді қатысты. Өткізген: оқу ісінің меңгерушісі Есимова Т.К.