«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балапан" тобының перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

 2023 - 2024 оқу жылына арналған  ұйымдастырылған 

іс-әрекеттің перспективалық жоспары     

Балалардың жасы  2-3 жас

Жоспардың     Қыркүйек айы

                                           «Балапан» кіші  тобы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қыркүейек

Дене шынықтыру

1.Жалпы дамытушы жаттығулар. Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), 2.еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу), қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру, 3.шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру, арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу, алға, жан-жағына қарай еңкею.

 

Сөйлеуді дамыту

1)айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді;

2)дауысты және дауыссыз дыбыстарды (ызың және үндіден басқа) еліктеу сөздерін қолдана отырып дұрыс айтуды;

3)дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін дауыстың қарқынын, екпінін, күшін есепке алып, дыбыстарды дәл айтуды қалыптастыру.

 

Көркем әдебиет

ертегілердің,әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалау

 

 

Сенсорика/ Математика негіздері

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Бір-бірінің атын атап, қарым-қатынас жасай алуы, жолдастарының есімдерін есте сақтау

Құрастыру

1)құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруға үйрету;

2) құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру

Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту.

Мүсіндеу

балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру

 

Жапсыру

Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету.

 

Музыка

Музыка тыңдау:

1) музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;

Ән айту:

2)ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

1) музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде арналған  ұйымдастырылған 

іс-әрекеттің перспективалық жоспары     

Балалардың жасы 2-3 жас

2023-2024 оқу жылы        Қазан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қазан

Дене шынықтыру

1.Негізгі қимылдар:

Жүру. Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру, 2.шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.

 

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

1)Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету. 

2) Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

 

Көркем әдебиет

Балаларды бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерін, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.

 

 

Сенсорика/ Математика негіздері

Қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Заттық әлем

1)Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тану. Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу және т. б.), белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою және т. б.) орындауға баулу.

2) Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.

 

Құрастыру

1) құрылыс материалдарын (текшелер, кірпіштер) ажырата алуды үйрету;

2) қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өзбетінше құрастыру.

 

Сурет салу

Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу.

 

Мүсіндеу

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.

 

Жапсыру

Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.

 

Музыка

Музыка тыңдау:

1)әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажырата білу.

Ән айту:

2)әнді жеке және топпен айту.

 Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

1) музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.

 

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде арналған  ұйымдастырылған 

іс-әрекеттің перспективалық жоспары     

Балалардың жасы 2-3 жас

2023-2024 оқу жылы            Қараша айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қараша

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру.

Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру.

 

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын:

ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс атауларын білуге үйрету.

 

Көркем әдебиет

Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдау.

 

 

Сенсорика/ Математика негіздері

Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды үйрету.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Еңбекке баулу.

Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады және т.б.) үйрету.

Адамгершілікке баулу.

Ересек адамның сөйлеу интонациясын түсінуге, ажыратуға баулу (жақсы – жаман).

 

Құрастыру

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр және т.б.), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.

 

Сурет салу

Дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.

 

Мүсіндеу

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуге қалыптастыру.

 

Жапсыру

Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, жапсыруға үйрету.

 

Музыка

Музыка тыңдау:

Әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.

Ән айту:

Әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.  Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Қарапайым би қимылдарын орындау: қолдың білектерін айналдыру, шапалақтауға үйрету.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде арналған  ұйымдастырылған 

іс-әрекеттің перспективалық жоспары     

Балалардың жасы 2-3 жас

2023-2024 оқу жылы     Желтоқсан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

желтоқсан

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.

Қимылды ойындар.

Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру.

 

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын:

жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) сұрақтарға жауап беруге үйрету.

 

Көркем әдебиет

Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.

Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.

 

 

Сенсорика/ Математика негіздері

Түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру. 

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Еңбекке баулу.

Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару. Ересектерге көмектесу ниетін қолда

Адамгершілікке баулу.

Жақындарының жағдайын эмоционалды қабылдай білуге тәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлық таныту). Ата-аналарын сыйлауға тәрбиелеу.

 

Құрастыру

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өзбетінше құрастыру.

 

Сурет салу

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.

 

Мүсіндеу

Табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат және т.б.) мүсіндеу.

 

Жапсыру

Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, жапсыруға үйрету.

 

Музыка

Музыка тыңдау:

Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру. Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.

Ән айту:

Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде арналған  ұйымдастырылған 

іс-әрекеттің перспективалық жоспары     

Балалардың жасы 2-3 жас

2024 оқу жылы      Қаңтар айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қаңтар

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге және т. б.): тұру.

Қимылды ойындар.

Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру және т. б.).

 

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын:

көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін зат есімдермен атауды үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

Неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге үйрету.

 

Көркем әдебиет

Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

 

 

Сенсорика/ Математика негіздері

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Табиғат әлемі.

Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру.

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота және т.б.) таныстыру.

 

Құрастыру

Кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас және т.б.) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.

 

Сурет салу

Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.

 

Мүсіндеу

Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

 

Жапсыру

Кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.

 

Музыка

Музыка тыңдау:

Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ және т.б.), оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай және т.б.) дыбыстарымен таныстыру.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде арналған  ұйымдастырылған 

іс-әрекеттің перспективалық жоспары     

Балалардың жасы 2-3 жас

2024 оқу жылы            Ақпан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

ақпан

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары.

Қолдарын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см): құрсаудан құрсауға аттап өту; тақтайдың үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу.

Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).

Спорттық жаттығулар.

Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету;.

Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.

 

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын:

еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу-жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін етістіктерді үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау.

 

Көркем әдебиет

Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.

 

Сенсорика/ Математика негіздері

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру.

Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өзбетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Табиғат әлемі.

Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп және т.б.) мен жемістерді (алма, алмұрт және т.б.) ажырату.

Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота және т.б.), аңдармен (аю, қасқыр, қоян және т.б.) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

 

Құрастыру

Кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас және т.б.) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.

 

Сурет салу

Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.

 

Мүсіндеу

Сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін үйрету;

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгеру (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алып, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алуды) үйрету.

 

Жапсыру

Фланелеграфте геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды орналастырып жапсыруға үйрету.

 

Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.

Қарапайым би қимылдарын орындау:қолдың білектерін айналдыру, шапалақтау және аяқты тарсылдату, жүрелеп отыру, аяқтарын қозғау, айналу;

денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу және т.б.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде арналған  ұйымдастырылған 

іс-әрекеттің перспективалық жоспары     

Балалардың жасы 2-3 жас

2024 оқу жылы     Наурыз айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

наурыз

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 см, ауданы 50 х 50 см модульге өрмелеу.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.

 

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын:

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу, балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру.

Байланыстырып сөйлеу.

«Бұл кім (не)?», «Не істеді?» қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

 

Көркем әдебиет

Бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерді, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.

Оқылған шығармадағы жекелеген сөздерді қосылып қайталап айтуды үйрету.

 

 

Сенсорика/ Математика негіздері

Үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындау.

Қимылдарды, қолдың ұсақ моторикасын үйлестіру дағдыларын меңгерту.

Түстердің атауларын дұрыс қолдануды үйрету.

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Табиғат әлемі.

Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел және т.б.

Аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер, қарғалар және т.б.), үй құстарын (тауық, қаз, үйрек және т.б.), маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау.

 

Құрастыру

Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнауқарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша құрастыру;

Құрылыс материалдарын (текшелер, кірпіштер) ажырата алуды үйрету.

 

Сурет салу

Дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеуді үйрету.

Қағаздың қасиеттерін білуді үйрету.

Қаламды дұрыс ұстауға дағдыландыру.

Түстерді ажыратуды және оларды дұрыс атауды үйрету.

 

Мүсіндеу

Кесе, тостаған, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып мүсінгдеуді үйрету.

Дайын болған бұйымды тұғырға орналастырып, жұмыстан кейін материалдарды жинастыруға дағдыландыру.

 

Жапсыру

Фланелеграфте геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін және т.б. орналастыру.

 

Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу және т.б.

Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар және т.б.), ойындар мен әндерді сахналау.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде арналған  ұйымдастырылған 

іс-әрекеттің перспективалық жоспары     

Балалардың жасы 2-3 жас

2024 оқу жылы       Сәуір айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

сәуір

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

Жалпы дамытушы жаттығулар

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.

Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру; қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу. Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау, қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.

Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу. Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру

Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қорды қалыптастыру

Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін айта алуды үйрету.

Сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) қайталап айту, ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін сөздерді атауды үйрету.

Көркем әдебиет

Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.

Кітаптардағы иллюстрацияларды қарап, суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру,шағын тақпақтарды асықпай, анық айтуға қалыптастыру.

 

Сенсорика/ Математика негіздері

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Қоршаған ортамен таныстыру

Табиғат әлемі.

«Болады», «болмайды», «қауіпті» ұғымдарымен таныстыру. Сумен, құммен және т.б. ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (суды ішпеу, құмды шашпау және т.б.) таныстыру. Өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау.

Құрастыру

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр және т.б.), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.

Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.

Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.

Мүсіндеу

Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.

Жапсыру

Фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастыру және құрастыру.

Симметриялық пішіндерді, ою-өрнектерді орналастыру.

Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Қимылдарды заттармен: бубенмен, сылдырмақпен және т.б. орындау.

Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде арналған  ұйымдастырылған 

іс-әрекеттің перспективалық жоспары     

Балалардың жасы 2-3 жас

2024 оқу жылы Қазан айы      Мамыр айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

мамыр

Дене шынықтыру

Спорттық жаттығулар

Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өзбетінше рөлді басқаруға үйрету;

Сауықтыру-шынықтыру шаралары

Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.

Өткенді қайталау.

Сөйлеуді дамыту

Байланыстырып сөйлеу.

Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Өткенді қайталау.

Көркем әдебиет

Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.

Кітаптардағы иллюстрацияларды қарап, суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру,шағын тақпақтарды асықпай, анық айтуға қалыптастыру.

Өткенді қайталау.

 

 

Сенсорика/ Математика негіздері

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Өткенді қайталау.

Қоршаған ортамен таныстыру

Табиғат әлемі.

«Болады», «болмайды», «қауіпті» ұғымдарымен таныстыру. Сумен, құммен және т.б. ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (суды ішпеу, құмды шашпау және т.б.) таныстыру. Өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау.

Өткенді қайталау.

Құрастыру

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр және т.б.), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.

Өткенді қайталау.

Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.

Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.

Өткенді қайталау.

Мүсіндеу

Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.

Өткенді қайталау.

Жапсыру

Фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастыру және құрастыру.

Симметриялық пішіндерді, ою-өрнектерді орналастыру.

Өткенді қайталау.

Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Қимылдарды заттармен: бубенмен, сылдырмақпен және т.б. орындау.

Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.

Өткенді қайталау.

 

 

Жаңартылған күні: 01.02.2024 14:42
Құрылған күні: 01.02.2024 14:42

Текст