«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған мүжәлсіз отбасы балаларының жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы есеп

28.02.2020
Жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған мүжәлсіз отбасы балаларының жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы есеп
Бүгінгі таңда Қараөзек орта мектебінде 2019-2020 оқу жылы тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 95 оқушы болған. 
   Асхана заманауи талапқа сай жабдықталған: асхана бұрышы және онда төрт апталық ас мәзірі бекітіліп қойылған. Балаларға асханада бекітілген ас мәзірі бойынша тамақ беріледі.  
Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың кезеңге бөлінуі:
1 -4 сыныптарда - 38 оқушы 
5-9 сыныптарда -52 оқушы
10-11 сыныптарда  5оқушы тамақтанады.                                        
Оқушылар жасақталған кесте бойынша өз уақытында келіп тамақтанады. Мектебіміздің басқа да оқушылары  компот, шай,тәтті тоқаш, самса, рогалик, сүзбе салынған бәліш сатып алып тамақтанады.
        Мектептегі тегін ыстық тамақпен қамтылған жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған мүжәлсіз отбасы балаларының, тегін тамақпен қамтамасыз етілетін
1 сынып оқушыларының тамақтануын, асхананың талапқа сай  жұмыс жасауын  және балаларға берілетін  тамақтың сапасын мектеп медбикесімен бірге комиссия мүшелері күнделікті тексеріп отырады.Мектебіміздің  санитарлық -гигиеналық жағдайын мектеп медбикесі қадағалап қарап отырады. Дайын тамақтың сапасын бақылау қорытындысы (бракераж ) журналына толтырылады. Ата-аналар асхана жағдайымен,берілетін тамақ сапасымен және  компот, шай,тәтті тоқаш, самса, рогалик, сүзбе салынған бәліш т.б. тағамдардың сапасымен танысып отырады. Асханада І-ІІ - ші кезеңдер бойынша кезекшілер бекітілген. Кезекшілер асханадағы тәртіпті қадағалап отырады.
   Күнделікті тамақтар ас мәзірі бойынша беріліп отыр, дәмі мен сапасы жақсы.  Асхана тазалығын, тамақтың сапасын комиссия мүшелері және медбике, әлеуметтік педагогпен ай сайын тексеріліп , акт жасалып тұрады.
        
 
Әлеуметтік-педагог: Базар И.


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2020 14:34
Құрылған күні: 28.02.2020 14:34

Текст